27-05-2017
«Оқжетпес» ХІV турдағы үйдегі ойынын елордадағы «Астана Арена» стадионында өткізіп, «Ордабасы» клубынан ұтылып қалды.
26-05-2017
«Тараз» ХІV турда өз алаңында «Тобылды» қабылдап, деңгейі өзінен жоғары команданы тізе бүктірді. Есеп – 1:0.
26-05-2017
Бүгін ХІV турдың екі ойыны өтіп, «Ертіс» түзде «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңіп, бірінші айналымда жіберген есесін қайтарды.
25-05-2017
«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
25-05-2017
Қазақстан премьер-лигасының ХІV турына еліміздегі беделді басылымдардың бірі, sports.kz сайтының шолушысы Әнуар Әбдірахманов болжам жасайды.
25-05-2017
Виктор Пасулько Көкшетаудың «Оқжетпесіне» бас бапкер болып бекітілді. Көкше клубы жаңа жаттықтырушысын бүгін ойыншыларымен таныстырып, ресми түрде мәлімдеді.
25-05-2017
17 жастағы Еркебұлан Сейідахмет еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы сапына шақыртылды.
24-05-2017
Грузия құрамасының жартылай қорғаушысы Ника Квеквескири енді Қостанай клубының намысын қорғайды.
24-05-2017
«Болжам-бәйге» бәсекесінде Еуропа лигасының жеңімпазы анықталды. Стокгольме өткен ойыннан кейін Жандос Айтбайұлы осы турнирдің көрегені атанды.