Вернуться к списку статей

“Ертіс” “Ақтөбеден” есесін қайтарды

Футбол
1K
«Ақтөбе» – «Ертіс» – 1:2. Фото: fc-aktobe.kz
Бүгін ХІV турдың екі ойыны өтіп, «Ертіс» түзде «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңіп, бірінші айналымда жіберген есесін қайтарды.

«Ертіс» пен «Ақтөбе» төртінші турда Павлодарда кездесіп, ақтөбеліктер ұтылып жатып, жеңісті жұлып алған (3:1). Ақтөбеде павлодарлықтар жеңіске жетіп, еселерін қайтарды. Бұл ойында да қонақтар алаң иелерін екінші таймда сан соқтырып кетті.

Бұл Владимир Мухановтың бірер жылғы үзілістен кейін «Ақтөбенің» бас бапкері мәртебесіндегі алғашқы ойыны еді. Ресейлік маман команда құрамына аздаған ғана өзгерістер енгізіпті. Біраздан бері көрінбей кеткен, алаңға көп шықпай жүрген кейбір футболшылар негізгі құрамда ойнады.

Бір қызығы, бірінші таймда екі команда бір голдан соққан. Бірақ төрешілер екеуін де есепке алмады. «Ақтөбе» ойынды аса жоғары қарқында бастағанымен, бірінші таймның ортасынан бастап, қонақтар басымдық танытты. Жаңбыр жауып, алаң дымқыл болғандықтан ба, екі команданың ойыншылары да көп қателесті.

Жалпы, бұл ойында қонақтардың гол соғатын мүмкіндіктері көп болды. Әйтсе де, «Ертіс» өткен турдағыдай, тағы да екі ұпайдан айырылып қала жаздады. Бірақ матч соңында қарсы шабуыл ұйымдастырып, жылдам ойлап, тез қимылдап, гол соғудың сәті түсті.         

«Ақтөбе» – «Ертіс» – 1:2 (0:0)

Голдар: Ткачук, 56 (0:1). Зенькович, 73 (1:1). Фонсека, 87 (1:2).

Ескертулер: Байтана, 10. Фофана, 21. Альмейда, 62. Родриго, 67.

«Ақтөбе»: Сидельников (к), Айтбаев (Дәуітов, 46), Гуйе, Жұмағали, Барбоса, Розыбакиев, Байтана (Жуниор Витор, 79), Шестаков, Кәкімов (Зенькович, 59), Диас Морейра, Альмейда.

Қосалқы құрам: Отарбаев, Торрес, Ермаченко, Сәулет, Бойчук, Тотай.

«Ертіс»: Лория (к), Живкович, Ткачук, Двали, Кислицын, Родриго, Есімов, Дарабаев (Алиев, 89), Шабалин (Гетериев, 61), Фонсека (Бандо Нганбе, 90+1), Фофана.

Қосалқы құрам: Калмыков, Джа Джедже, Попов, Жұмасқалиев, Чернышов, Воротников.

Төрешілер: Құмашев, Әубәкіров, Навроцкий (бәрі де – Астана)

27 мамыр. Ақтөбе, «Орталық» стадион. 8000 көрермен.


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика