Вернуться к списку статей

Еркебұлан Сейідахмет жастар құрамасы сапына шақыртылды

Футбол
1K
Еркебұлан Сейідахмет Гранаткин мемориалында. Фото: granatkin.com
17 жастағы Еркебұлан Сейідахмет еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы сапына шақыртылды.

«Футболдан Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне дайындалу мақсатында Алматыда жаттығу жиынын өткізеді», – деп ақпарат таратты Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Оқу-жаттығу жиыны 5-11 маусым аралығында «Бағанашыл» спорт кешенінде өтеді. Жаттығу жұмыстары аясында жолдастық кездесулер өткізу жоспарланған.

Жастар құрамасының аға жаттықтырушы Владимир Никитенко бастаған бапкерлер құрамы жиынға келесі футболшыларды шақырды:

қақпашылар  Сұлтан Бұсырманов («Тобыл»), Дмитрий Колбунцов («Жетісу»), Данил Подымский («Астана»);

қорғаушылар – Дәурен Мәжитов («Атырау»), Айбол Әбікен («Қайрат»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Максим Чалкин («Каспий»);

жартылай қорғаушылар – Қуаныш Қалмұратов («Атырау»), Мәди Жақыпбаев («Астана»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»), Демият Сламбеков («Оқжетпес»), Ескендір Қыбырай («Қайрат»), Бактиер Зайнутдинов («Тараз»), Геворг Наджарян («Астана»), Максим Гладченко («Қайрат»), Юрий Перцух («Ақжайық»), Артем Попов («Ертіс»), Александр Соколенко («Қызылжар»);

шабуылшылар Еркебұлан Сейідахмет («Тараз»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Арман Смайылов («Ертіс»), Самат Сәрсенов («Қайрат»).

Қосалқы құрам тізімі:

қақпашы – Олег Грубов («Қайрат»);

қорғаушылар – Әлібек Қасым («Қайрат»), Рауан Орынбасар («Жетісу»), Карам Султанов («Қызылжар»);

жартылай қорғаушылар – Әділхан Таңжарықов («Жетісу»), Иван Антипов («Ақжайық»), Илья Артюшенко («Қайрат»);

шабуылшыларБақдәулет Жүзбай («Қайрат»), Аслан Әділ («Жетісу»), Олжас Ақылбеков («Ордабасы»), Темірлан Әміров (ОРМБЖСМ №7).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы келесі кездесуін 1 қыркүйек күні өткізеді (Црна Гора жастарын қабылдайды). Бапкерлер құрамы бұл жиынды жастардың басын қосып, қазіргі спорттық баптары мен әлеуетерін іс жүзінде тексеріп алу мақсатында өткізгелі отыр.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика