Вернуться к списку статей

“Ақтөбе” клубының бұрынғы бас директоры сегіз жылға сотталды

Футбол
1K
«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Бүгін «Ақтөбеде сот футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильевтің ісінің үкімін шығарды – сеніп тапсырылған қаражатты иемденгені үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырды», – деп жазды осы өңірдегі diapazon.kz басылымы.

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас директоры, ресейлік маман Дмитрий Васильевке және Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы директоры Ескендірбек Махановқа қатысты қылмыстық іс соты бүгін болған.

Қалалық сот Дмитрий Васильевті сегіз жылға бас бостандығынан айырса, Есендірбек Махановты «лауазымын асыра пайдаланғаны» үшін жеті жылға темір торға қамау туралы үкім шығарған. Әрі екеуі Ақтөбе облыстық қаржы басқармасына 204 миллион теңге шығынды қайтаулары керек.

Сот үкімі жарияланғанда, Дмитрий Васильев келіспейтіндігін, наразы екендігін білдірген. Енді апеляциялық шағым түсіруі мүмкін секілді. Отандық баспасөз беттерінде сот үкімі қызу талқыланып жатыр...

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика