27-10-2016
Бас бапкердің шешімімен негізгі құрамнан аластатылған «Тараз» футбол клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана украиналық маман Юрий Максимов туралы пікірін білдіріп, төбелескіш деп айыптады.
27-10-2016
Ертең футболдан Қазақстан премьер-лигасында 2016 жылғы ел чемпионатының соңғы, ХХХІІ туры өтеді. Қола жүлдеге қай командаға бұйырары тек сенбі күні түстен кейін белгілі болады.
26-10-2016
«Батырға оң мен солы бірдей» деген жақсы сөз бар ғой. «Астана» биыл қандай жағдайда болмасын, «шын мықтыға тұсау жоқ» екендігін дәлелдеді. Дегенмен, бұрынғы жүйе сақталғанда «Қайрат» биыл соңғы турға дейін чемпиондықтан үмітті болар еді.
26-10-2016
Жақында ғана Колумбияда аяқталған әлем чемпионатының қола жүлдегері, Иран құрамасының үздік ойыншыларының бірі Хоссейн Тайеби «Қайрат» клубына ауысты.
26-10-2016
Қатарынан үшінші рет ел чемпионы атанғаннан кейін «Астананың» бас менеджері Саян Хамитжанов клубтың ресми сайтына сұхбат беріп, елордалықтардың алдағы жоспарымен бөлісіпті.
25-10-2016
Бүгін «Астана» футбол клубы Көкшетауда «Оқжетпеспен» тең түсіп, үшінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанды. Матчтан соң команданың бас бапкері Станимир Стойлов өз ойымен бөлісті.
25-10-2016
Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының ХХV турдағы кейінге шегерілген ойыны өтіп, Көкшеде «Оқжетпес» пен «Астана» додаға түсті. Матч 0:0 есебімен тең аяқталып, елорда клубы бір тур бұрын чемпион атанды.
25-10-2016
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы «Алтайға» ресми түрде тоғыз ұпайын қайтарып берді. Бұл туралы Лиганың сайты мәлімдеді.
25-10-2016
Футзалдан УЕФА кубогының жартылай финалдық (элиталық) кезеңіндегі “А” тобының, яғни Алматыда өтетін ойындарның уақыттары белгілі болды.
24-10-2016
Ертең футболдан Қазақстан премьер-лигасының ХХV турдағы кейінге шегерілген бір ойыны өтіп, Көкшеде «Оқжетпес» пен «Астана» кездеседі.