Вернуться к списку статей

Парсы футзалшысы қазақ клубының намысын қорғайтын болды

Футбол
1K
Хоссейн Тайеби
Жақында ғана Колумбияда аяқталған әлем чемпионатының қола жүлдегері, Иран құрамасының үздік ойыншыларының бірі Хоссейн Тайеби «Қайрат» клубына ауысты.

Парсы футзалшысы Хоссейн Тайеби «Қайрат» футзал клубымен «1+1» жүйесі бойынша келісім-шартқа отырыпты. Медициналық тексерістен толықтай өткен. Енді жаттығу жұмыстарына кіріседі екен.

Өзі риза сияқты. ОЛай дейтініміз, «Қайрат» футзал клубының ресми сайты Тайебидің сөздерін жариялады. Онда парсы футзалшысы «келісім-шартқа отырғаныма қуаныштымын, Алматы клубы – ең жоғарғы жетістіктерге, оның ішінде УЕФА кубогына қол созған, әлемдегі үздік клубтардың бірі, осы ұжымның бір мүшесі болғаныма ризамын», – депті.

Хоссейн Тайеби – Иран құрамасының үздік ойыншыларының бірі. Ол өз елінің ұлттық құрамасы сапында 75 ойын өткізіп, 66 гол соғыпты. Ал парсы елі футзалшылары жақында Колумбияда аяқталған әлем чемпионатында көпшілікті тәнті қылып, үшінші орынға ие болды.

1/8 финалында Бразилия құрамасын үйлеріне қайтарды. Ширек финалда Парагвай футзалшыларын жолдарынан тайдырды. Жартылай финалда Ресей құрамасынан бір доп айырмасымен ұтылып, 3-орын үшін өткен матчта Португалия командасынан басым түсті.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика