Вернуться к списку статей

УЕФА кубогының Алматыда өтетін ойындарының уақыты

Футбол
2K
Футзалдан УЕФА кубогының жартылай финалдық (элиталық) кезеңіндегі “А” тобының, яғни Алматыда өтетін ойындарның уақыттары белгілі болды.

Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстан чемпионы, яғни Алматының «Қайраты» элиталық кезеңде (жартылай финалдық додада) “А” тобына түскен болатын. Қарсыластары – "Никарс" (Латвия), "Реал Риети" (Италия) және "Феникс" (Косово) клубтары. Бұл топтың ойындары Алатау бөктеріндегі «Алматы-Арена» спорт кешенінде өтеді.

Ойындар күнтізбесі. УЕФА кубогы, элиталық кезең, “А” тобы.

24 қараша, бейсенбі

18:00. "Никарс" (Латвия) – "Феникс" (Косово)

20:30. "Қайрат" (Қазақстан) – "Реал Риети" (Италия)

25 қараша, жұма

18:00. "Реал Риети" – "Никарс"

20:30. "Қайрат" – "Феникс"

27 қараша, жексенбі

15:00. "Феникс" – "Реал Риети"

17:30. "Никарс" – "Қайрат"

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика