Вернуться к списку статей

ELORDA CUP: Жартылай финалға шыққандар анықталды

Бокс
11K
Астана қаласында 13-18 мамыр аралығында бокстан ересектер арасында «Елорда кубогы» ІІІ халықаралық турнирі өтіп жатыр.
 
Жарысқа Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан және Қытай командалары келген болатын. Қазіргі кезде жартылай финалға шыққандар анықталып үлгерді.

1/4 финал
51 келі:

Сәкен Бибосынов (Қазақстан) – Мухаммадкодир Мамиржонов (Өзбекстан, 2022 жылғы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионы) – 5:0
 
57 келі:
 
Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Худойназар Фаизов (Өзбекстан, кәсіпқой боксшы, былтырғы ел чемпионатының күміс жүлдегері) – 4:1
 
Кейта Накаяма (Жапония чемпионы) –  Асылжан Серікбай (Қазақстан) –  0:5
 
60 келі:
 
Серік Теміржанов (Қазақстан) – Вариндер Синх (Үндістан, Азия чемпионатының қола жүлдегері) – 5:0
 
71 келі:
 
Хитеш Хитеш (Үндістан) – Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) – 0:5
 
Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан) – Дархан Дүйсебай (Қазақстан) – 5:0
 
Аман Қонысбеков (Қазақстан) – Нобухоро Хиранака (Жапония чемпионы) – 5:0
 
75 келі:
Нұрқанат Райыс (Қазақстан) – Алохон Абдуллаев (Өзбекстан, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) – 1:4.

Боксшылардың жекпе-жегіне аз-кем тоқталып өтсек, 57 келідегі Махмұд Сабырхан жартылай финалға шықты.Әлем чемпионы ширек финалдық бәсекеде Өзбекстан құрамасының боксшысынан басым түсті. Олимпиада алдындағы маңызды жарысты өзінің бабы мен әлеуетін көрсеткен былғары қолғап шебері енді финалға шығар жолдаманы сарапқа салады.

Жартылай финалда қай елден қанша боксшы бокстасады:
Қазақстан – 31
Өзбекстан – 5
Үндістан – 4
Жапония – 3
Иран – 3
Қытай – 2
Әзербайжан – 2
Қырғыз Республикасы – 2.

Бүгін Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде Өзбекстан боксшысын ұтса, Серік Теміржанов үндістандық спортшыны 5:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ, Тимур Қабдеш 54 келіде үнді спортшысын қапы қалдырды. Осы салмақта өнер көрсетіп жатқан Кәрім Серкебаев жапон боксшысын жарыс жолынан шығарды.
 
Беделді бәсекеде әр салмақта жеңімпазға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары беріледі.
Яндекс.Метрика