Вернуться к списку статей

Бокс: Астанадағы Азия чемпионаты жүлдеге толы болды

Бокс
13K
Астанада бокстан жастар және 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан екі категория бойынша да командалық есепте бірінші орын алды.

Құрлық біріншілігінде екі категория бойынша 25 салмақ бойынша (13 ер, 12 әйел) жеңімпаздар анықталды. Соның ішінде 22 жасқа дейінгілер 24 медаль еншіледі. Ерлер командасында 13 медаль бұйырды (8 алтын және 5 күміс).

Азия чемпионы атанғандар: 

51 келі: Кенже Мұрфатұлы 
 
54 келі: Нұрсұлтан Алтынбек 
 
67 келі: Елнұр Сүйінбай
 
71 келі: Сабыржан Аққалықов
 
75 келі: Диас Молжігітов
 
80 келі: Ерасыл Жакпеков
 
86 келі: Темірлан Мұқатаев
 
92 келі: Бекнұр Батырбек.

 
Күміс жүлдегерлер:
 
48 келі: Ернар Қарап 
57 келі: Ерболат Сабыр 
60 келі: Руслан Күзеубаев
63.5 келі: Ерасыл Таңқай
+92 келі: Аманат Сабырғали.
 
Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 11 медаль иеленді (6 алтын, 4 күміс, 1 қола).

Чемпиондар: 
 
50 келі: Гүлнәр Тұрапбай 
60 келі: Шахназ Исаева 
66 келі: Ақнар Ишанова 
70 келі: Жасмин Қизатова 
81 келі: Диана Мағауияева
+81 келі: Елдана Тәліпова.
 
Күміс медаль иегерлері:
 
52 келі: Анита Адишева 
54 келі: Элина Базарова
57 келі: Әнел Сақыш
63 келі: Анар Тұрсынбек.
 
Қола жүлдегер:

75 келі: Анастасия Баязитова.

U22 Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікте.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Алтынбек пен Жасмин Қизатова 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында 2 дүркін чемпион атанды.
Сол секілді жастар арасындағы Азия чемпионатынан да Қазақстан 24 медальға ие болды.
 
Ерлер командасында 12 медаль бұйырды. Оның ішінде 5 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль бар.

Азия чемпионы атанғандар:
 
60 келі. Алексей Хаванцев 
67 келі. Төрехан Сабырхан 
71 келі. Өнер Сейілхан 
75 келі. Санжарәлі Бегалиев 
80 келі. Мадияр Бексұлтанов.
 
Күміс медаль:

86 келі: Иманғали Нұрпейіс.
 
Қола медаль иегерлері: 

51 келі: Бексұлтан Боранбек
54 келі: Нұрасыл Төлебек
57 келі: Жансері Көшербаев
63.5 келі: Ахмет Үсен
92 келі: Расул Асанханов
+92 келі: Нұркелді Жұматай.
 
Қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 12 медаль иеленді: 6 алтын, 3 күміс, 3 қола.

Чемпиондар:

54 келі:Аяжан Сыдық 
57 келі:Аяжан Ермек 
60 келі:Толғанай Қасымхан 
66 келі:Ұлдана Таубай 
75 келі:Шұғыла Нәлібай
81 келі:Аружан Зейноллаева.
 
Күміс медаль: 

52 келі: Бағжан Отынбай
70 келі:Мария Сидоренко
81 келі:Панар Сейітханқызы. 
 
Қола жүлдегерлер: 

48 келі: Әнел Абдрасилова
50 келі:Элянур Тұрғанова
63 келі:Аружан Жаңабаева.
 
Жастар арасындағы Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікте енді.
Яндекс.Метрика