Вернуться к списку статей

Бокс: Ташкенбай-Бибосынов, Оралбай-Нұрдәулетов қайсысы үздік шығады?

Бокс
370

Астана қаласында бокстан ерлер арасында спартакиада басталған. Алғашқы нәтижелер де белгілі. Тіпті, бір сенсация да тіркеліп үлгерді.

Мысалы, 15 қарашада 63,5 келі салмақта бірінші нөмірлі боксшы саналған, Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев кәсіпқой бокстан қыркүйек айында келген 28 жастағы Жандос Қыдыралиевке 3 раундта да еш қарсылық көрсете алмай, жарысты аяқтады.

Сәуір айында Санатәлінің егізі 60 келіде өнер көрсететін Саматәлі Төлтаев допингпен ұсталып, 4 жылға спорттан шеттетілген. Бір кездері құрамада орындарын бермей, барлық жарысқа қатысқан ағайынды боксшылардың карьерасы қазір осылай тығырыққа тіреліп тұр.

«Қыркүйек айында Шоқыр Бөлтекұлын еске алу турнирінде 71 келіде өнер көрсетіп, өзімді өте жақсы сезіндім. Алайда Ертуған Зейнуллинов лицензия алмаған соң, қайта Олимпиадаға баруды жоспарладым. Салмақты көп қуатыным бұл айқасқа да өз кедергісін келтірді. Қарсыласыммен де алғашқы рет жолықтым. Дегенмен, әлі Париж Олимпиадасына деген үмітім зор», - дейді Санатәлі Төлтаев.

Бұл спартакиадада көпшілік ең әуелі олимпиадалық салмақтарға назар аударып отырғаны жасырын емес. Қазақстан Париж Олимпиадсына тек 92 келіден жоғары салмақта ғана лицензия алған. Оның иегері – Қамшыбек Қоңқабаев. Сондықтан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері жарысқа қатысқан жоқ. Одан бөлек, 71 келідегі Асланбек Шымбергеновке де демалыс берілген.

Енді өзге бес олимпиадалық салмаққа тоқталып өтсек

51 келі

Жанкүйерлер әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбайдың жекпе-жегін күтеді. Екеуі тек финалда кездесе алады. Сондай-ақ осы салмақта БҚО өкілі Данил Сәбит те бар. Ол жақында Шоқыр Бөлтекұлын еске алу турнирінде Тәшкенбайдан басым түскен.

Оған дейін Бибосынов Астанада Павлодар боксшысы Ғаббас Дюсекеновпен жұдырықтасады. 20 жастағы Санжар Тәшкенбай былтырғы Қазақстан чемпионатының финалисі (54 келі) Бекзат Алдамжаровпен жолығады.

57 келі

Махмұд Сабырхан Азия ойындарынан жүлдесіз қайтты. Жаңа салмағында енді өзінің мықтылығын дәлелдеу үшін спартакиаданы жеңуі тиіс. Ол алғашқы жекпе-жегін былтырғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (60 келі) Дулат Тұрлыбекұлымен өткізеді.

Махмұдтан бөлек, осы салмақта Дамир Әбдіқадыр мен Оразбек Асылқұлов бар.

63,5 келі

Азия осйындарында осы салмақта ел намысын қорғаған Ертуған Зейнуллинов спаррингте мұрнын сындырып, жарыстан тыс қалды.

Санатәлі Төлтаевтың жеңілгенін жаздық. Екі жыл бұрын 57 келі салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдесін алған Серік Теміржанов жаңа 63,5 келі салмақта өзінің жақсы қырын көрсетіп, Жамбыл спортшысы Алмас Дүйсенқұлдан айласын асырды.

Теміржановтан бөлек, Мұхамедсабыр Базарбайұлы 63,5 келінің фавориттерінің бірі.

Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы) – Жандос Қыдыралиев (Ақтөбе облысы) – 0:5

Серік Теміржанов (Павлодар облысы) – Алмас Дүйсенқұл (Жамбыл облысы) – 5:0

80 келі

Спартакиаданың көркін 80 келідегі боксшылар қыздырып жатыр. Әлем чемпиондар Бекзат Нұрдәулетов пен Нұрбек Оралбай, Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет, жас талантты Ерасыл Жақпеков бар.

Бекзад Нұрдаулетов (Маңғыстау облысы) – Еркебұлан Әкімбай (Алматы облысы) – 5:0

Бекболат Әбдікерім (Түркістан облысы) – Сұлтанбек Айбарұлы (Жамбыл облысы) – 4:1

Жозеф Окара (Қостанай облысы) – Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда облысы) – 0:5

92 келі

Бұлсалмақта негізгі тартысты Сағындық Тоғамбай мен Айбек Оралбай арасында болады деп күтілуде.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика