Вернуться к списку статей

Шымкенттегі бокс кеші қалай өтті?

Бокс
9K

Шымкентте «Irfin Promotions» компаниясының ұйымдастыруымен және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен кәсіпқой бокс кеші өтті.

Бокс кешін тамашалауға жұлдызды қонақтар көптеп жиналды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, бокстан Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаев, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов, еліміздің танымал боксшылары Сәкен Бибосынов, Дулат Бекбауов, Бек Нұрмағанбет және тағы басқа қонақтар болды.

Сонымен қатар әуесқой және кәсіпқой бокстан әлем чемпионы, Мәскеуден арнайы келген Костя Цзю да болғанын айта кетейік.

Алғашқы жекпе-жекте Бауыржан Бекмұрзаев өзбекстандық Дильмуроджон Тошхуджаевпен кездесті. Бұл61,2 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жек. Бірақ қарсыласы мұрны қанап, кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Өзбек боксшысының бапкері ортаға орамал лақтырып, техникалық нокаутпен Бауыржан Бекмұрзаев жеңіске жетті.

Одан кейін 22 жастағы Қалдыбек Қалдан моңғолиялық Баасандорж Батчулуунмен жолыққан. 72,6 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жек толық төрт раундқа жалғасты. Төрешілер 2:1 есебімен моңғол боксшысы басым болды деп шешті. Сөйтіп, Қалданның кәсіпқой бокстағы дебют сәтсіз аяқталды.

Тараздың жас таланты Әлішер Аблулалим жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Отандасымыз өзбек Сардор Музаффаров жолыққан. Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Бірінші раундта үш рет бүйірден апперкот жасаған Әлішер техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл кездесу 69,9 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.

Айта кететін жайт, тараздық боксшы жұдырықтасқанда әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов өз нұсқауын беріп тұрды.

Маңғыстаудың тумасы Жолдас Жеңісов тағы бір өзбекстандықШохбозбек Толибджоновтың осал тұсын тапты. Төрт раунд бойы қарсыласынан оқ бойы озық өнер көрсеткен Жеңісов сенімді ақтай білді. Бұл 57,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.

Ал алматылық Армат Арманұлы Шымкенттегі жекпе-жеккк түгел командасымен келген еді. Медиа жағынан жарнамасын жасайтын бірнеше адам екенін байқадық.

Дегенмен ресейлік Никита Горшковпен жекпе-жекте төрешілер қарсыласының қолын көтерді. Бұл кездесу екінші орта салмақта (76,2 келіге дейін) өтті.

Басты жекпе-жектердің бірінде қазақстандық Елшат Нығметолла кәсіби бокстағы 19 жеңісіне қол жеткізді. Ол өзбекстандық Сарвара Усмановпен кездескен. Қарсыласы қорғанысқа жатып алса да, жерлесіміз осал тұсын тапты. Бұл екінші жеңіл, яғни 55,3 келіге дейінгі салмақта өтті.

Ал Самат Жетібаев филиппиндік Адриан Лерасанмен кездесті. Жекпе алты раунд толықтай өтті. Төрешілердің шешімімен кездесу қарсыласының пайдасына шешілді.

Кештің басты жекпе-жегінде түркістандық Нұрдос Төлебай (11-0,9 КО) ментайландтық Анусон Тнонглуанг (20-4-1, 16 КО) арасында өтті. Нұрдос қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. Бұл 66,7 келіге дейін салмақ дәрежесінде өтті.

Яндекс.Метрика