Вернуться к списку статей

Футболдан ерлер және әйелдер құрамасы алдағы ойындарға қатысатындардың тізімін жариялады

Футбол
11K
Футболдан Қазақстан құрамасының Армения және Әзербайжан құрамаларымен жолдастық кездесуіне қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімі жарияланды.Ел құрамасы 7 маусымда Армения, 11 маусымда Әзербайжан құрамаларымен ойнайды.

Қазақстан құрамасының тізімі:
 
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);
 
Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы - «Астана»), Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин (барлығы - «Тобыл»), Бағдат Қайыров, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов (барлығы - «Ақтөбе»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі - «Ордабасы»), Әділхан Добай («Жетісу»), Михаил Габышев («Елімай»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);
 
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы - «Ордабасы»), Максим Самородов, Рамазан Оразов, Арман Кеңесов (барлығы -«Ақтөбе»), Абзал Бейсебеков, Исламбек Куат (екеуі - «Астана»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»);
Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Эльхан Астанов (барлығы - «Астана»), Иван Свиридов («Елімай»), Абат Аймбетов («Адана Демирспор», Түркия).
 
Айта кетсек, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымының жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топқа түсті.

Сондай-ақ Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында өтетін матчтарына шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады.

Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі матчтарына дайынығын Алматы қаласында өткізеді. Алғашқы матч 31 мамырда «Армавир» стадионында өтеді. Ал екінші ойын 4 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді деп жоспарланған.
 
Қазақстан әйелдер құрамасы ойыншыларының кеңейтілген тізімі:

 
Қақпашылар: Ангелина Портнова («Хаккаригюджу», Түркия), Виктория Зейнали, Назым Исмайлова (екеуі де – «Томирис-Тұран»), Дидар Нәкен (№8 БЖМОРСМ);
 
Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Александра Бурова, Камила Совет (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Қазына Норбаева («Ордабасы»), Мария Демидова («Минск», Беларусь), Милана Егиазарян («Қайрат»);
 
Жартылай қорғаушылар: Аида Гайстенова («Звезда-2005», Ресей), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Камила Құлмағамбетова, Алина Лозукова, Бибігүл Нұрышева, Ксенья Хайрулина, Әселхан Тұрлыбекова, Маргарита Талдыкина (бәрі – «БИІК-Шымкент»), Әсем Қаражанова («Ақтөбе»), Аяжан Қожабекова («Ақсу»), Томирис Рахатжан, Эльмира Абдулаева (екеуі де – «Қайрат»),
 
Шабуылшылар: Светлана Бортникова («Ордабасы»), Валерия Попова («БИІК-Шымкент»), Әмина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – «Қайрат»).
 
Яндекс.Метрика