Вернуться к списку статей

«Елімай» мен «Қайрат» матчынан не күтеміз?

Футбол
9K
Премьер-лигада бүгін-ертең тоғызыншы турдың ойындары өтеді. Осы аптада бізді қызықты матчтар күтіп тұр. Ендеше, шолу жасап көрейік.
 
«Атырау» - «Астана»
Уақыты: 17:00
Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты
Өтетін жері: «Мұнайшы» стадионы (Атырау)
Төрешілер: Данияр Сахи (Қызылорда), Максим Панин (Қостанай), Рустам Бейжанов (Петропавл)
VAR төрешісі:  Сәкен Байымбет (Тараз)
AVAR төрешісі:  Илашбек Орунбаев (Түркістан обл.)
Қосалқы төреші:  Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)
Инспектор:  Құрманбек Ордабаев (Түркістан обл.)

2023 жылы өткен қос ойында да есеп ашылмаған болатын. Оның үстіне «Атырау» өз алаңында «Қайратты» тізе бүктіріп, «Ордабасымен» тең түсті. Алайда сәтсіздік сериясы жалғасып жатқан «Астана» үшін әлі де жағдайды жақсы жаққа өзгертуге кеш емес. Сондықтан оларға өз мүмкіндіктерін сәтті қолданып, қателіктерді жөндеуі тиіс.
 
«Ақтөбе» - «Ордабасы»
Уақыты: 19:00
Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Qazsport телеарнасы
Өтетін жері: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион (Ақтөбе)
Төрешілер: Бағдат Абдуллаев  (Қаратау), Дмитрий Филоненко, Амангелді Жүсіпов (екеуі де –Тараз)
VAR төрешісі: Денис Измайлов (Талдықорған)
AVAR төрешісі:  Евгений Бельский (Тараз)
Қосалқы төреші:  Никита Мортин  (Ақтөбе)
Инспектор:  Виктор Заякин (Семей)

Өткен аптада ғана QFL Қазақстан кубогының овертаймында керемет эмоция сыйлаған командалар енді Ақтөбе қаласында жолықпақ. 2023 жылғы кездесуді еске алсақ, алаң иелері 2:1 есебімен жеңгенімен, соңғы минутта Асхат Тағыберген пенальтиден мүлт кеткен еді. Ал 2021 жылы 4:4 есебі тіркелген. Өз алаңында ұтыла бермейтін «Ақтөбеге» жанкүйерлер қаншалықты көмектесе алады екен?
 
«Қайсар» - «Жеңіс»
Уақыты: 21:00
Тікелей эфир: QFL.KZ, Q Football телеарнасы
Стадион: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда)
Төрешілер:  Антон Кучма, Антон  Сысоев (екеуі де – Көкшетау), Данияр Серікболов (Семей)
VAR төрешісі: Александр Затула (Өскемен)
AVAR төрешісі:  Самат Тергеусізов (Алматы)
Қосалқы төреші: Төребек Жақсылық (Қызылорда)
Инспектор:  Юрий Гриджан (Алматы)

«Жеңіс» клубы соңғы екі ойында жеңілгенімен, өзімен деңгейлес «Шахтер», «Тұраннан» 3 ұпайын алған еді. Осы ойында да қарсыластардың ұпайы мен футболшылары шамалас. Матч Қызылорда қаласында өткенімен, «Жеңістің» де мүмкіндігі болатыны айқын.
 
19 мамыр
 
«Жетісу» - «Қызылжар»
Уақыты: 17:00
Тікелей эфир: QFL.KZ, Sport+ Qazaqstan телеарнасы
Өтетін жері: «Жетісу» стадионы (Талдықорған)
Төрешілер:  Рустам Омаров (Алматы), Юрий Тихонюк (Ақтөбе), Ардақ Дауанов (Алматы)
VAR төрешісі:  Саят Суликанов (Ақтөбе)
AVAR төрешісі:  Сергей Васютин (Алматы)
Қосалқы төреші:  Жақсылық Сейдахметов (Талдықорған)
Инспектор: Исағали Бақберген (Шымкент)

Осы маусымда жарқын ойынымен қуантып жүрген талдықорғандықтар турнир кестесінің 4-ші орнында келеді. Алдағы кездесуде жеңіп жатса, 2 немесе 3-орынға көтерілуге мүмкіндігі бар. Бұған себеп те бар. «Жетісу» соңғы 4 ойынның 3-уінде жеңіске жетсе, «Қызылжар» 4 ойын қатарынан қарсыластарына ұпай үлестіріп, әрі гол соға алмай келеді. Бас бапкер Әли Әлиев те қақпашыларына көңілі толмайтынын баспасөз жиынында айтып қалды.
 
«Шахтер» - «Тобыл»
Уақыты: 17:00
Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Qazsport телеарнасы
Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды)
Төрешілер:  Григорий Московченко (Павлодар), Станислав Лесив (Семей),Наргис Мағау (Алматы)
VAR төрешісі:  Сергей Ноженко (Талдықорған)
AVAR төрешісі:  Нұржан Жүнісов (Астана)
Қосалқы төреші:  Артем Кучин (Қарағанды)
Инспектор:  Александр Горда (Көкшетау)

Өз стадионында «Астананы» жеңіп, «Қайсармен» тең тарқасқан «Шахтердің» қостанайлықтарға әлі жете ме екен? Өйткені, «Тобыл» егер тағы да ұпай жоғалтса, көшбасшыларды алысқа ұзап алуы мүмкін. Қарағанды қаласында өткен 4 матчта да «Шахтер» басым түскен. Сол себепті, кезекті сенсация тіркеліп қалар ма екен?
 
«Елімай» - «Қайрат»
Уақыты: 21:00
Тікелей эфир: QFL.KZ, Q Football мен Q Arena телеарналары
Өтетін жері: «Спартак» стадионы (Семей)
Төрешілер:  Болат Сариев (Орал), Иван Филатов (Саран), Артем Конивец (Қарағанды)
VAR төрешісі:  Айдын Тасыбаев (Астана)
AVAR төрешісі:  Алексей Долгих (Павлодар)
Қосалқы төреші:  Дмитрий Вишняков (Семей)
Инспектор: Руслан Дүзмәмбетов (Өскемен)

Семейге футбол оралғалы көрермендер соңғы минутқа дейін футболды тамашалап жатыр. Себебі, «Елімайдың» әр ойыны соңғы минутқа дейін интриганы ұстап келеді. Әсіресе 1 аптада 2 гол соққан Никита Корзунды барлығы танып алған шығар. Бірақ осы жолғы қарсылас та оңай болмасы анық. «Қайрат» бір ойыншысы кем болса да, «Жеңісті» 2:0 есебімен ұтты. Сонымен қатар мықты қарсыластарға ерекше дайындықпен шығатыны бар. Cемейліктердің жеңісті жұлып алуға эмоциясы жете ме екен?
Яндекс.Метрика