07-02-2017
Алматының «Қайраты» Түркияда Хорватияның «Сплит» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті. Мұның алдында Боснияның "Младост" клубынан ұтылып қалған.
07-02-2017
"Астана" футбол клубы бүгін екінші оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жолдастық кездесуін өткізіп, Украинаның "Олександрія" командасымен тең түсті. Есеп – 2:2.
07-02-2017
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Беларусь құрамасымен екінші рет жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен есе қайтарды.
07-02-2017
Габонда ХХХІ Африка ұлттары кубогының тәмамдалып, тарих қойнауына енгеніне да үш күн өтті. «Астана» футбол клубының шабуылшысы Джуниор Кабананга осы доданың үздік мергені атанды.
06-02-2017
Қазақстан футболының үздік сұрмергендерінің бірі, еліміздің үш дүркін чемпионы, Тараз футболының түлегі Мұрат Тілешев өзінің туған қаласының командасын емес, Семейдің «Алтайын» қолдайтынын ашық білдірді.
06-02-2017
Бүгін Қазақстан футбол федерациясы әйелдер, сонымен қатар 17 және 19 жасқа дейінгі бойжеткендер арасындағы құрама командаларымыздың бас бапкерлері ауысқандығын мәлімдеді.
06-02-2017
"Астана" футбол клубының негізгі құрамы қысқа мерзімді демалыстан кейін Түркияның Анталия қаласында екінші оқу-жаттығу жиынын бастап кетті.
05-02-2017
Футзалдан Қазақстан құрамасы Алматыда Беларусь құрамасымен кездесіп, 0:1 есебімен ұтылып қалды. Бұл Жозе Алесио Да Силваның алғашқы ойыны болатын.
05-02-2017
Өткен аптаның аяғында Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитеті «Алтай» футбол клубын чемпионаттан (премьер-лигадан) ресми түрде аластатты.
05-02-2017
Өткен аптаның соңында Ресейдің шағын футбол қауымдастығы кеңсесінде ІV Еременко кубогының жеребесі тартылып, "Қайрат" "А" тобына түсті.