→
Подписаться на RSS
Спорт Жаңалықтары

06-04-2025
Жәнібек Әлімханұлы Астанада чемпиондық атағын қорғап қалды
5 сәуір күні «Барыс Арена» мұз сарайында (Астана қ.) өткен бокс кешінде IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингені (14-0, 9 КО) 5-раундта нокаутқа жіберіп, өз белбеулерін қорғап қалды.

01-04-2025
Премьер-лига: Үш команда алға суырылып шықты
Ұлттық құрамалардың ойындарынан кейін премьер-лига қайта жалғасты. Үшінші турының қорытындысы бойынша үш команда – «Қайрат», «Ақтөбе» және «Астана» 7 ұпайдан жинап, көш бастап келеді.

01-04-2025
Астанадағы бокс кешінің толық карды белгілі болды
5 сәуір күні елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде отандық және шетелдік әйгілі боксшылардың қатысуымен үлкен кәсіпқой бокс кеші өтетіні белгілі болды. Жекпе-жек кешіне бір апта қалғанда, Nomad Promotions компаниясы сол күні шаршы алаңға шығатын боксшылардың толық кардын жариялады.

30-03-2025
WBA Continental титулы: Қазақстандық боксшылар үшін қызық па?
5 сәуір күні Астанада өтетін жұлдызды бокс кешінің бағдарламасында қазақстандық боксшылар WBA Continental белбеуі үшін екі жекпе-жек өткізеді. Осы ретте бұл титулға ие танымал боксшылар туралы сөз қозғамақшымыз.

27-03-2025
Қазақстан 1,5 жылдан кейін жеңіске жетті
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі басталды. Қазақстан J тобында ойнап жатыр. Ұлттық құрама алғашқы екі матчын сырт алаңда өткізді.

24-03-2025
Уэльс пен Қазақстан арасындағы матч несімен есте қалды?
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Уэльспен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

19-03-2025
Қазақтың боксшы қыздары әлем чемпионатынан үш алтын жеңіп алды
Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жанкүйерлердің делебесін қоздыратындай жақсы көрсетті. Жерлестеріміз ел қоржынына үш алтын, екі күміс және бір қола медаль салып, ел мерейін үстем етті.

16-03-2025
Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы Анауэль Нгамиссенге туралы не білеміз?
Кәсіпқой бокстың орта салмағында жұдырықтасатын даңқты отандасымыз, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 5 сәуір күні елордадағы «Барыс Арена» көпсалалы спорт кешенінде кезекті жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы – француз боксшысы Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО). Бұл боксшының есім-сойы тек қазақстандық бокс жанкүйерлеріне ғана емес, шетелдік жанкүйерлерге де аса таныс емес.

12-03-2025
«Қайрат» пен «Астана» чемпиондықтан басты үмітті екендіктерін көрсетті
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының екінші тур ойындары мәреге жетті. Сөйтіп командалар үзіліске кетті. Өйткені алда ұлттық құрамалардың халықаралық ойындары бар.

06-03-2025
Футбол: ҚПЛ-дың жаңа маусымы басталды
Қазақстанда футбол маусымы басталып, ел біріншілігінің алғашқы турының нәтижелері белгілі болды.