→
Подписаться на RSS
Спорт Жаңалықтары

06-04-2025
Жәнібек Әлімханұлы Астанада чемпиондық атағын қорғап қалды
5 сәуір күні «Барыс Арена» мұз сарайында (Астана қ.) өткен бокс кешінде IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингені (14-0, 9 КО) 5-раундта нокаутқа жіберіп, өз белбеулерін қорғап қалды.

01-04-2025
Астанадағы бокс кешінің толық карды белгілі болды
5 сәуір күні елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде отандық және шетелдік әйгілі боксшылардың қатысуымен үлкен кәсіпқой бокс кеші өтетіні белгілі болды. Жекпе-жек кешіне бір апта қалғанда, Nomad Promotions компаниясы сол күні шаршы алаңға шығатын боксшылардың толық кардын жариялады.

30-03-2025
WBA Continental титулы: Қазақстандық боксшылар үшін қызық па?
5 сәуір күні Астанада өтетін жұлдызды бокс кешінің бағдарламасында қазақстандық боксшылар WBA Continental белбеуі үшін екі жекпе-жек өткізеді. Осы ретте бұл титулға ие танымал боксшылар туралы сөз қозғамақшымыз.

19-03-2025
Қазақтың боксшы қыздары әлем чемпионатынан үш алтын жеңіп алды
Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жанкүйерлердің делебесін қоздыратындай жақсы көрсетті. Жерлестеріміз ел қоржынына үш алтын, екі күміс және бір қола медаль салып, ел мерейін үстем етті.

16-03-2025
Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы Анауэль Нгамиссенге туралы не білеміз?
Кәсіпқой бокстың орта салмағында жұдырықтасатын даңқты отандасымыз, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 5 сәуір күні елордадағы «Барыс Арена» көпсалалы спорт кешенінде кезекті жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы – француз боксшысы Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО). Бұл боксшының есім-сойы тек қазақстандық бокс жанкүйерлеріне ғана емес, шетелдік жанкүйерлерге де аса таныс емес.

28-02-2025
Жәнібек Әлімханұлы 8 жылдан кейін Қазақстанда жекпе-жек өткізеді
Астана төрінде "Qazaq Style" Жәнібек Әлімханұлының баспасөз мәслихаты өтіп, ол алда болатын жекпе-жегіне дайындығы және болашаққа түзген жоспары жайында айтты.

12-02-2025
Канелоның арабтармен жаңа келісімшарты блогер Полдың ашуын тудырды
Қартайған Майк Тайсонды жеңген америкалық поп-бокшы Джейк Пол мексикалық Сауль Альваресті сынға алды. Өйткені Канело блогермен боктаспайтын болған.

21-01-2025
Бангкоктағы бокс кешінің қатысушылары анықталды
Алдағы 1 ақпанда Таиланд астанасы Бангкокта өтетін бокс кешіндегі барлық жұпты жариялап, әрқайсымен таныстыруды жөн көрдік.

12-01-2025
Руслан Мәдиевтің Таиландтағы қарсыласы анықталды
Қазақстандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен 1 ақпанда Таиландта өтетін бокс кешінде өнер көрсететін Руслан Мәдиевтің қарсыласы ауысты.

09-01-2025
Жылан жылының алғашқы айында өтетін бокс жекпе-жектері
Жаңа жылдың алғашқы айында кәсіпқой боксшылар жанкүйерлерді жарқын жекпе-жектерімен қуанта қоймайды. Өйткені жыл соңына дейін шаршы алаңда өнер көрсетіп, жаттығу залынан қолы босамаған көп боксшы жыл басында демалып, саяхаттап, отбасымен уақыт өткізгенді құп көреді. Ал кейбір боксшылар жылды жекпе-жекпен бастағанды жақсы көреді. Назарларыңызға қаңтарда өтетін ең негізгі ТОП-5 жекпе-жекті ұсынамыз.