→
Подписаться на RSS
Спорт Жаңалықтары

08-02-2025
Жанкүйерлерді жерге қаратпаймыз - Әли Әлиев
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев Астанада баспасөз мәжілісін өткізді. Ол 1 сағаттан астам уақыт тілшілердің сауалына жауап берді.

06-02-2025
«Қайсардың» үстінен FIFA-ға арыз жазамын – беларусь футболшысы
Қызылорданың «Қайсар» клубының 700 миллион теңгеден астам қарызы бар екені айтылады. Өткен маусымда жалақыларын толық ала алмаған футболшылардың бірі FIFA-ға арыз жазып үлгеріпті.

02-02-2025
Әли Әлиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып отандық маман Әли Әлиев тағайындалды.

29-01-2025
Қазақстан Станислав Черчесовтен құтылды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. Бірақ оның отставкасының өзі жырға айналды. Ресейлік медиа Станислав Саламұлын қолдауға арналған пікірлерді топырлатып жатыр.

25-01-2025
«Шахтер» мен «Ертіс» бірінші лиганың чемпиондығына таласуы тиіс
«Елу жылда ел жаңа» деген еді. Бірақ 10 жылда да талай нәрсе өзгеріп жатыр. Мысалы, 2012 жылғы Қазақстан премьер-лигасының бас жүлдесін «Шахтер» мен «Ертіс» өзара сарапқа салған еді. Арада 13 жыл өткенде екі клуб бірінші лиганың басты фавориті атанып отыр.

16-01-2025
Станислав Черчесов: Сынайтындар әрқашан табылады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов тілшілерге көлемді сұхбат берді. Ол әңгіме барысында алдағы жоспары мен легионерлерге қатысты пікір білдірді.

06-01-2025
ПСЖ мен «Сити» қызыққан өзбекстандық футболшы туралы не білеміз?
Футболдан Өзбекстан құрамасының және «Ланс» (Франция) клубының қорғаушысы Абдукодир Хусанов туралы инсайд ақпараттар толастар емес. 20 жастағы футболшыға «Манчестер Сити» мен ПСЖ қызығып жатқан көрінеді. Бұл туралы ақпаратты басқа-басқа емес, әйгілі инсайдер Фабрицио Романо жазыпты. Мбаппенің «Реалға» қашан келетінін дәл анықтаған Романоның қателесетін кезі сирек. Ендеше Фабрицио айтса, сөзінің жаны бар. Осы ретте Хусанов деген кім? Ол қалай жарқ ете қалды деген сұраққа жауап іздеп көрмекпіз.

28-12-2024
2024 жылы қазақ спорты несімен есте қалды?
Тағы бір жыл тарих қойнауына еніп барады. Жеңіс пен жеңіліс, сенім мен сәтсіздік, қуаныш пен өкініш қатар жүретін спорт әлеміндегі тарихи оқиғаларды саралап, спортшылардың жеткен жетістіктерін қорытындылайтын сәт келді. Жеңіске жетіп, еліміздің көк Туын желбіреткендер де аз емес. Париж Олимпиадасында отандастарымыз алтыннан тыс қалған тұста өкінген кездеріміз де жоқ емес. Олардың барлығын тізіп шығу әсте мүмкін болмас, десек те, негізгілеріне тоқталмақпыз.

18-12-2024
FIFA: Винисиус Жуниор жылдың үздік ойыншысы атанды
Катар астанасы Дохада The Best FIFA Football Awards 2024 сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

14-12-2024
Футболдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Швейцарияның Цюрих қаласында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.