Вернуться к списку статей

«Тобылдың» Қарағандыда жолы болар емес

Футбол
10K
Футболдан лига кубогы турнирі басталды. Бұл елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Мұндай турнирлер Англия сияқты елдерде өтеді. Қазақстанда аталған жарысқа бумекерлік кеңселердің бірі демеушілік етіп, қомақты қаржы тігілген.
 
Алғашқы жарыс күнінде төрт ойын өтті. Лигаға қатысушы 16 команда 4 топқа бөлінген. Астананың «Жеңіс» клубы Қарағандыда Қостанайдың «Тобыл» командасымен кездесті. Қонақтар негізінен қосалқы құрамын алып барған. Елорда командасы бас бапкерін ауыстырған соң, алғашқы ойынды сәтті өткізді. Әр таймда бір-бір голдан салып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. «Тобылы» қатарынан екінші апта Қарағандыдан бос қайтты. Бұған дейін чемпионатта «Шахтерге» есе жіберген.

«Жеңіс» (Астана) – «Тобыл»  (Қостана)– 2:0
Голдар:Беланчич, 27 (1:0). Прокопенко, 83 (2:0).

«Жеңіс»: Темірлан Анарбеков (Қ), Матия Ром, Кристиан Новак, ​Марин Беланчич, Зураб Тевзадзе, Александр Амир Якобсен (Сағи Кеңес, 84), Василиос Карагунис, Иракли Бидзинашвили (Артем Черединов, 84), Сергей Волков  (Денис Гречихоғ 46), Ильяса Зульфиу (Ғалымжан Кенжебек, 63), Арб Манай (Владислав Прокопенко, 75);

«Тобыл»: Сұлтан Бусурманов (Қ), Валерий Усинеевич, Роман Божко, Аманжол Бақытжанов, ​Бекзат Мінайдаров,  Шахмурза Адырбеков (Бейбіт Ғалым, 46), Тимур Игубаев, Әлібек Жайлаубаев (Нұрислам Нұргелдинов, 77),  Нұрбек Байжанов (Сұлтан Бахыткириев,  77), Руслан Валиуллин, Нұрбол Жұмаделов (Диас Нұрқанов, 86);

Бас төреші: Сәкен Байымбет (Тараз).

«Атырау» биылғы маусымда өте көп ойынды тең аяқтады. Бұл жолы кубокта да «Ордабасымен» итжығыс түсті. Матчта есеп ашылмады. Екі командада премьер-лигада алаңға шыға алмай жүрген футболшыларына көбірек мүмкіндік берді.

«Атырау» (Атырау) – «Ордабасы» (Шымкент) – 0:0
Алаңнан қуылды: ​Ринат Жұматов, 76.
 
«Атырау»: Нұрасыл Тоқтаров (Қ), Ади Адамбаев, Әділбек Жұмаханов​, Матеус Барбоса, Наурызбек Жагоров, ​Ерсұлтан Қалдыбеков (Якоб Новак, 69), ​Ламин Жаржоу (Джоэль Каямба, 70), ​Ринат Жұматов, Фахтулло Олимзода (Александр Нойок, 79), Едіге Оралбай (Николай Сигневич, 64), Аслан Әділ (Игорь Стасевич​, 69);
 
 «Ордабасы»: Азамат Жомартов (Қ), Златан Шехович, Сағадат Тұрсынбай, Игорь Пластун, Сұлтанбек Астанов, Ловро Цвек, Айбол Әбікен (Гафуржан Сүйімбаев, 85), Самат Жарынбетов (Асхат Тағыберген, 85), Максим Федин (Реджинальдо, 79), Еркебұлан Тұңғышбаев, Шохбоз Умаров (Евгений Макаренко, 79);

Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана).

Ал Семейдің «Елімайы» Түркістанның «Тұранын» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Оның екі голын қарағандылық футболшылар Иван Свиридов пен Жан Әли Пайруз салды. Біреуін легионер Сада Тиуб өз атына жазды.

«Елімай» (Семей) – «Тұран» (Түркістан) – 3:0
Голдар: Свиридов, 20 (1:0). Пайруз, 55 (2:0). Тиуб, 82 (3:0).
Алаңнан қуылды:Архипов, 33.

«Елімай»: Рахат Мавликеев (Қ), Дмитрий Шомко (Михаил Габышев, 63), Берік Айтбаев, Николай Золотов (Ален Айманов, 45), Иван Шаравня, Дмитрий Шмидт, Юрий Перцух (Еркебұлан Нұрғалиев, 78), Никита Корзун (Реджис Родригес, 63), Жан-Әли Пайруз, Саид Тиуб, Иван Свиридов​ (Роман Мұртазаев, 63);

«Тұран»: Тимурбек Закиров (Қ), Максим Ваганов (Бранислав Слука 60), Марко Николич, Виктор Велькоски, Артем Дмитриев (Александр Соколенко, 59), Давид Мавутор (Санжар Сатанов 67), Никола Цуцкич, Феди Бен Чог (Самат Шәмші, 59), Артем Архипов, Антонио Яколис (Рифат Нурмугамет, 76), Леонардо Вака;

Бас төреші: Арман Ісмұратов (Астана).

«Ақтөбе» Қызылорданың «Қайсарынан» 2:0 есебімен басым түсті. Матчтағы екінші голды Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов қайшылап теуіп салды. Бұл жаңа турнирдің ең бір әдемі голы болды.
 
«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Қайсар» (Қызылорда) – 2:0
Голдар: Севаллос, 29 (1:0). Самородов, 68 (2:0).
 
«Ақтөбе»: Игорь Трофимец (Қ), Бағдат Қайыров, ​Габи Кики, Матео Барах (Леонель Струмия, 59), Богдан Ватежелу (Дмитрий Бессмертный, 46), Уче Агбо, Хосе Севаллос, Арман Кеңесов, Рамазан Оразов (Дорни Ромеро, 59) Максим Самородов (Жан Жайроғ 72), Идрис Умаев (Амаду Думбияғ 89);

«Қайсар»: Нұрымжан Салайдин (Қ), Абылайхан Төлегенов, Виталий Приндета, Гиорги Кабуладзе Қуаныш Қалмұратов, Дмитрий Бородин, Дидар Жалмұқан (Айбар Жақсылықов, 65), Руслан Сахалбаев, Бақдәулет Зүлфиқаров Василий Совпель 65), Тоқтар Жаңгылышбай (Ерсұлтан Төреқұл, 65), Шохназар Норбеков (Марлен Айманов, 76)​;

Бас төреші: Айдын Тасыбаев (Астана).
 
Яндекс.Метрика