Вернуться к списку статей

QFL: Жетінші турдан қандай нәтиже күтеміз?

Футбол
13K
Премьер-лигада бүгін-ертең жетінші турдың ойындары өтеді. Осы аптада бізді қызықты матчтар күтіп тұр. Ендеше, шолу жасап көрейік.
 
«Жеңіс» – «Елімай»
 
Уақыты: 14:00
 
Тікелей эфир: QFL.KZ, Q Football мен Q Arena телеарналары
 
Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды)
 
Төрешілер: Рустам  Омаров, Алексей Шабанов, Александр Павлов (бәрі де – Алматы)
 
VAR төрешісі: Сергей Гороховодацкий (Алматы)
 
AVAR төрешісі: Рустам Бейжанов (Петропавл)
 
Қосалқы төреші: Михаил Бильдинов (Қарағанды)
 
Инспектор: Игорь Хисамутдинов (Павлодар)
 
Бір қарағанда «Елімай» клубы фаворит ретінде көрінеді. Себебі, сырт алаңда «Астананы» ұтты, өткен турда ел чемпионы «Ордабасымен» тең тарқасты. Құрамы жағынан да көшбасшылардан қалыспайды. Алайда «Жеңіс» өз алаңында өткізген 2 ойында да жеңіске жеткен. Өзге жерде есе жібергенімен, бұл ұжым көп тәуекелге бара алады. Командалардың арасын 1 ғана ұпай бөліп тұр. 2023 жылы клубтар 3 рет жолығып, Бірінші лигада «Елімай» 2 рет мерейі үстем болса, Қазақстан кубогында «Жеңіс» 1:0 есебімен басым түскен. Алайда ұпай көрсеткіші бойынша бәрібір де семейліктер келесі айналымға жолдама алды.
 
«Қызылжар» – «Тұран»
 
Уақыты: 14:00
 
Тікелей эфир: QFL.KZ, Sport+ Qazaqstan телеарнасы
 
Өтетін жері: «Қарасай» стадионы (Петропавл)
 
Төрешілер: Артем Кучин (Қарағанды), Ринат Якбаров, Данияр Серібколов (екеуі – де Семей)
 
VAR төрешісі: Сергей Ноженко (Талдықорған)
 
AVAR төрешісі: Наргис Мағау (Алматы)
 
Қосалқы төреші: Станислав Пучков (Петропавл)
 
Инспектор: Юрий Гриджан (Алматы)
 
Алаң иелері сөзсіз фаворит. Оның үстіне қонақтардан қызыл қағаз алған Феди Бен Чуг көмектесе алмайды. Өткен турда қос команда да қарсылас қақпасына шабуыл жасай алмай, сүреңсіз ойын көрсеткен. Клубтар бұған дейін 2022 жылы дәл осы стадионда кездесіп, «Қызылжар» 3 ұпай еншілеген еді. Сол кездегі құрамнан «Тұран» сапындағы Шоқан Абзалов қазір «Қызылжардың» намысын қорғайды.
 
 
«Қайрат» – «Атырау»
 
Уақыты: 16:30
 
Тікелей эфир: Q Football мен Q League телеарналары және QFL.KZ сайты
 
Өтетін жері: Орталық стадион (Алматы)
 
Төрешілер: Денис Измайлов (Талдықорған), Төребек Жақсылық, Ғалымжан Айжігітов (екеуі де – Қызылорда)
 
VAR төрешісі: Антон Кучма (Көкшетау)
 
AVAR төрешісі: Юрий Тихонюк (Ақтөбе)
 
Қосалқы төреші: Біржан Сержанұлы  (Алматы)
 
Инспектор: Бағдат Түсеев (Астана)
 
Бұл клубтар соңғы кездері жиі кездесіп жүр. 2023 жылдың өзінде 4 рет жолығып, 3 мәрте тең тарқасты Қазақстан кубогының 1/4 финалында «Атырау» өз мықтылығын көрсетіп, келесі кезеңге өтті. Биыл тағы кемі 3 мәрте жасыл алаңда өзара мықтыны анықтайды. Алдағы сенбі премьер-лигада және 8 мамыр күні Қазақстан кубогында доп тебіседі. Басты өзгеріс — «Қайраттың» бас бапкері өткен турдан кейін қызметін босатқан болатын. Бұл жайт жасыл алаңға қаншалықты әсер етеді?
 
 
«Тобыл» – «Жетісу»
 
Уақыты: 16:30
 
Тікелей эфир: QFL.KZ, Sport+ Qazaqstan телеарнасы
 
Өтетін жері: «Тобыл Арена» (Қостанай)
 
Төрешілер: Айдын Тасыбаев (Астана), Долгих Алексей, Кольев Евгений (екеуі де Павлодар)
 
VAR төрешісі: Данияр Сахи (Қызылорда)
 
AVAR төрешісі: Дмитрий  Белоградов (Павлодар)
 
Қосалқы төреші:  Иван Гриценко (Қостанай)
 
Инспектор: Нұржан Доскеев (Алматы)
 
«Жетісудің» әрбір матчы жанкүйерлерді таңғалдырудан жалықпайды. Кіммен кездессе де, амалын табады. Тіпті «Астананың» өзін сан соқтыра жаздады. Кезекті ойын өте қиын болады. «Тобыл» өткен турдағы сәтсіздікті қалай да қайталамауға тырысады. Дегенмен, «Жетісу» де өткір шабуылдарымен ерекше. 2023 жылы Қостанайдағы кездесуде «Жетісу» 1:2 есебімен жеңген. Дегенмен сол сәттегі «Жетісуден» тек Асхат Балтабеков қана ойнап жүр.
 
 
«Ақтөбе» – «Астана»
 
Уақыты: 19:00
 
Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Qazsport телеарнасы
 
Өтетін жері: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион (Ақтөбе)
 
Төрешілер: Григорий Московченко (Павлодар), Евгений Бельский, Дмитрий Филоненко (екеуі де Тараз)
 
VAR төрешісі: Александр Затула (Өскемен)
 
AVAR төрешісі: Сергей Калачев (Атырау)
 
Қосалқы төреші: Никита Мортин (Ақтөбе)
 
Инспектор: Александр Борисов (Семей) 
 
Командалар турнир кестесінде 1-2 орындарды бөлісіп тұр. Әрине, бұл осы турдың орталық ойыны. Алайда командалардың өзара жасыл алаңдағы  соңғы 3 матчына зер салсақ, «Ақтөбе» 10 гол соғып, 2 гол жіберген. Әлібек Қасым 2 рет пенальти соқса, Максим Самородов өзінің үздік ойындарын дәл осы «Астанаға» қарсы өткізген. Оның үстіне «Ақтөбе» биылғы маусымда  өз алаңындағы матчын алғаш рет Қобыланды батыр стадионында қабылдайды. Алаң иелері кім келсе де, өз жерінде ешкімнен сескенбейді.  «Астана» бұған дейін 2021 жылы Ақтөбеден 3 ұпай алып кеткен.
 
 
5 мамыр
 
 
«Шахтер» – «Қайсар»
 
Уақыты: 19:00
 
Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football телеарнасы
 
Өтетін жері: «Шахтёр» орталық стадионы (Қарағанды)
 
Төрешілер: Бағдат Абдуллаев (Қаратау), Тимур Тұрсымбаев, Иван Навроцкий (екеуі де –Астана)
Яндекс.Метрика