Футболдан Қазақстан премьер-лигасының бесінші турында бірнеше қызық ойын өтті. Әсіресе, Алматыдағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлерді бей-жай қалдырмады.
«Орталық» стадионда ине-шаншар орын болған жоқ. Тіпті, ішке кіре де алмады. Қонақтарды қолдауға 10 мың жанкүйер келді деген ақпарат бар.
Жалпы, «Қайрат» пен «Ақтөбе» матчына қашан да қызығушылық жоғары. Осы ойынның алдында «Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовтың кездесуге қатыса алмайтыны туралы ақпарат тарады. Өйткені 2021 жылы Рамазан «Қайратпен» келісімшарты бола тұра, латвиялық «Даугавпилс» командасына заңсыз ауысып кеткен болатын. Соған байланысты алматылық ұжым УЕФА-ға арызданды. «Қайрат» латвиялық клубтан ойыншыны маусым бойы жаттықтырғаны үшін үстемақы талап еткен болатын. Бірақ 3 жыл уақыт өтседе, «Даугавпилс» «сары-қаралардың» сұрағанын бермеді. Міне соның таяғы келіп «Ақтөбеге» тиіп отыр. Футболшыны баннан шығару үшін «ақ-қызылдар» «Қайратқа» 20 мың еуро төлеуі тиіс.
Енді ойынға келсек, Дмитрий Парфенов жақсы тактикалық дайындықпен келген екен. «Қайрат» футболшыларына мүмкіндік берген жоқ. Есепті, 40-минутта пенальтиден Әлібек Қасым ашты. Өйткені «Қайраттың» айып алаңында доп Әділет Садыбековтің қолына тиіп кетеді. Бас төреші Данияр Сахи бірден нүктені көрсеткен.
Екінші таймда қонақтар қарымта шабуылға иек артып отырды. Соның арқасында Максим Смамородов дубль жасады. Алаң иелері тек Вячеслав Швыревтің бір добымен ғана жауап қайта алды. Қорытынды есеп – 1:3.
«Ақтөбе» осылайша 9 жылда алғаш рет Алматыда жеңіске жетіп отыр.
Ал «Қайрат» футбол клубы қамқоршылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев алаң иелерінің жеңілуіне төрешілерді кінәлады.
«Төреші «Қайратты» алаңда «өлтіріп тастады». Мынандай төрелікпен Қазақстанда футбол дамымайды», - деді Қайрат Боранбаев ойыннан кейін.
«Қайрат» (Алматы) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 1:3
Голдар: Қасым,40-пенальтиден (0:1). Самородов, 68 (0:2). Самородов, 90+3 (0:3), Швырев, 90+7 (1:3).
Тағы бір тартысты матч Шымкентте өтті. Ел чемпиондары «Ордабасы» өз алаңында «Қызылжар» клубын қабылдаған еді. Әли Әлиев шәкірттері фавориттерге қарсы қалай дайындалу керектігін жақсы біледі. Олар үзіліске шығар тұста есепті ашты. Бұрыштама добынан кейін команда капитаны Евгений Березкин мергендігімен көзге түсті.
Екінші таймда «Ордабасы» жылдам есепті теңестірді. Гол авторы – Сергей Малый. Бірақ осыдан кейін өзгеріс болмады. Қорытынды есеп – 1:1.
«Ордабасы» (Шымкент) – «Қызылжар» (Петропавл) – 1:1
Голдар: Березкин, 45+2 (0:1). Малый, 52 (1:1).
«Қайсардың» осы маусымдағы жағдайы мәз емес. Команда чемпионатта үш ойында жеңілген. Сонымен қатар кубокпен ерте қоштасты. Бұл жолы «Атырауды» қабылдап, тағы ұятқа қала жаздаған. Бірақ Педро Эуженионың голына Валерий Громыко лайықты жауап қайтарып, ойын тең аяқталды.
Сөйтіп, «Қайсар» маусымдағы алғашқы ұпайына қол жеткізді. Ал «Атыраудың» төртінші тең ойыны.

«Кескілескен ойын болды. Оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Гол соғу үшін қандай мүмкіндік керек екенін білмеймін. Біз өз алаңымызда ойнаған соң, шабуыл шықтық. Бірақ қарымта шабуылдан гол жіберіп алдық. Тәуекел етпесең болмайды. Егер бірінші салғанымызда жағдай басқаша болар еді. Былтыр да бір ұпайдан кейін жағдайымыз түзелген. Биыл да солай болар деп үміттенемін», - дейді «Қайсар» бапкері Виктор Кумыков.
«Кайсар» (Қызылорда) – «Атырау» (Атырау) – 1:1
Голдар: Эуженио, 53 (0:1). Громыко, 74 (1:1).
Алаңнан қуылды: Стасевич, 87.
Қарағандыда «Тұранды» қабылдаған Астананың «Жеңісі» осы маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Команда минимальды есеппен жеңіске жетті. Бұл ойында 38-минутта «Жеңістің» капитаны, Беларусь өкілі Денис Гречихо мергендік танытты.
«Тұран» Қарағандыда бұған дейін «Шахтерден» үш ұпай алғаны бар еді. Бұл жолғы Арқа төсіне жасаған жорықтары сәтсіз аяқталды.
«Жеңіс» (Астана) – «Тұран» (Түркістан) – 1:0
Гол: Гречихо, 38.
«Астана» мен «Тобыл» Алматыда кездескен. Екі команданың ойыны қашан да тартысқа толы өтеді. «Хан Тәңірі» стадиондағы ойында да көрермендер төрт голға куә болды. Бесіншісін төреші есепке алған жоқ.
Есепті, бұрыштамадан Алиун Ндиайе ашып, «Тобылды» алға шығарған. Дегенмен, үзіліске дейін Марин Томасов таразы басын теңестірді. Ол қақпашы Стас Покатилов жеке-дара шығып, мүлт кеткен жоқ.
Айтпақшы, хорватиялық легионер Қазақстандағы 100-ші голын соқты.
Екінші таймда екі команда тағы бір-бір голдан алмасты. Қостанайлық ұжымнан Энен көзге түссе, елорда командасының түлегі Станислав Басманов есепті 2:2-ге жеткізді.
Матчтың соңғы минутында Руслан Валиуллин үшінші голды салып еді, төреші тәртіп бұзылды деп есепке алмады.
«Астана» (Астана) – «Тобыл» (Қостанай) – 2:2
Голдар: Ндиайе, 13 (0:1). Томасов, 27 (1:1). Энен, 78 (1:2). Басманов, 90+3 (2:2).
Қайрат Нұрдәулетов «Жетісу» клубының тізгінін ұстағалы ақырындап, ұпай еншілеп жүр. Бұл жолы өз алаңдарында Қарағандының «Шахтер» клубын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды үзіліске шығатын тұста команда капитаны Серікжан Мұжықов салды.
«Шахтер» өткен турда «Астананы» жеңген эйфориядан әлі шыға алмай жүрген тәрізді.
«Жетісу» (Талдықорған) – «Шахтер» (Қарағанды) – 1:0
Гол: Мұжықов, 45+3-пенальтиден (1:0).