Вернуться к списку статей

Кубоктың 1/8 финалына шыққандар анықталды

Футбол
2K

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалына қатысатын барлық команда анықталды. Жарыстың бірінші кезеңінен «Оңтүстік академиясы», «Тараз» және SD Family (Астана) командалары сүрінбей өтті.

Қазақстан кубогының 1/8 финалындағы ойындар 13 және 14 сәуір күндері өтеді. Жарыстың аталған сатысында Премьер-лиганың 13 клубымен бірге бірінші кезеңде үздік шыққан үш команда бақ сынайды.

Айта кетейік, 1/8 финал жеңімпаздары бір ойын арқылы анықталады. Кездесу жеребеде бірінші көрсетілген клубтардың алаңдарында ұйымдастырылады.

13 сәуір

14:00 «Қайсар» - «Тобыл»
14:00 «Атырау» - SD Family
16:00 «Жеңіс» - «Астана»
18:00 «Қайрат» - «Тұран»

14 сәуір

14:00 «Тараз» - «Ордабасы»
14:00 «Оңтүстік» - «Қызылжар»
16:00 «Елімай» - «Шахтер»
16:00 «Ақтөбе» - «Жетісу»

1/4 финал 8 мамырға, ал жартылай финал 29 мамыр мен 19 маусымға жоспарланған.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика