Вернуться к списку статей

Дзюдодан 15 спортшы апарып, жалғыз қоламен қайттық

Басқа
22K
БАӘ астанасы Абу-Дабиде дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. БАӘ-нің бас шаһарындағы «Мубадала Аренада» өткен дүниежүзілік додадан да салымыз суға кетіп, жөні түзу нәтиже көрсете алмай қайттық.
 
Бастапқыда бұл чемпионат Грузияда өтеді дегенімен, кейіннен Халықаралық дзюдо федерациясы 2024 жылғы әлем чемпионатын өткізу туралы БАӘ-нің өтінішін қабылдады.

БАӘ дзюдодан халықаралық турнирлерді бұған дейін де қабылдаған. Естеріңізде болса, 2009 жылы алғашқы Гран-при аламаны өтсе, 2014 жылдан бері Абу-Дабиде тұрақты түрде «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстар ұйымдастырылып келеді. 2015 жылы жастар арасында әлем чемпионаты осы шаһарда өтсе, араға тоғыз жыл салып ересектер арасындағы 37-ші әлем біріншілігінің жалауы желбіретті.

2014 жылдың ақпанында есігін айқара ашқан спорттық кешенде жыл бойы түрлі іс-шаралар ұайымдастыруға жағдай жасалған. Ал сыйымдылығы 6 мың адамға дейін жетеді.
 
Жалпы, соңғы жылдары Абу-Даби билігі шаһарға туристерті неғұрлым көптеп тарту үшін қыруар қаржы жұмсап, ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Теңдессіз демалыс орындарынан бөлек әлемдік жұлдыздардың концерттері, ірі спорттық аламандар дәл осы қалада жиі өтетін болған. Дзюдодан әлем чемпионаты да осы қатарда.
Ал қатысушылар саны биыл рекордтық көрсеткішке жетті: төрткүл дүниенің 110 елінен 682 дзюдошы келген. Оның ішінде 362 ер, 320 әйел спортшы.
Себебі бұл турнир  - 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париждегі Олимпиада ойындарына соңғы іріктеу жарысы. Рейтингілік ұпайлар сарапқа салынатын аламанда спортшылар 15 медаль жиынтығына таласты. Жеңіске жеткен дзюдошы 2000 ұпай еншілесе, екінші орын алғандарға – 1400 ұпай, үштікті түйіндегендерге 1000 ұпай берілді. Бұдан бөлек Халықаралық дзюдо федерациясы мен БАӘ-нің дзюдо федерациясы бірігіп ұйымдастырып отырған аламаның жүлде қоры да қомақты – 1 миллион еуро. Жекелей сында барлық 14 салмақ жеңімпаздары 26 мың еуродан алса, күміс жүлдегерлерге ¬15 мың еуродан, қола жүлдегерлерге 8 мың еуродан беріледі. 

Қазақстан құрамасы да біріншілікке бірінші нөмірлі спортшыларын алып келді. Елдос Сметов, Абиба Әбужақынова, Ғұсман Қырғызбаев, Айдос Жұбаназар Нұрлыхан Шархан және тағы басқа үздіктеріміз барды. Бірақ бұйырғаны жалғыз қола. Оның өзің әйелдер құрамасындағы Абиба Әбужақынова еншіледі. Қалғандары қолаға да жетпеді. Ерлер құрамасы тіптен нашар болды.

Жарыстан кейін 60 келідегі келідегі Нұрқанат Серікбаевты сөзге тартқан едік:
 
- Әлем чемпионаты мен үшін сәтсіз аяқталды. Алдыңғы жылы қола жүлдегер атанған спортшымен шықтым. Алып ұрамын деп кері секіріп едім, өкінішке қарай,
- Жеребе де қиын болған секілді...

- Жеребе оңай түскен жоқ, бірақ бұл әлем біріншілігі болғандықтан, осал қарсылас жоқ екенін ұмытпау керек. Барлық спортшы жоғаы дайындықпен келген. Спортта бақ пен бап қатар жүруі керек, бабым келіскенімен, бағым келіспеді. Кімнің жолы болса, әлем біріншілігінде жеңімпаз атағы соған бұйырады. Әйтпесе 100 пайыз бабымда болдым деп айта аламын. Физикалық тұрғыда да, функционалдық тұрғыда да ешқандай қалыс қалған жоқпын. Жарысқа жақсы даярлықпен келгенмін, бірақ бағым жанбады.

- Бапкерлеріңізбен сөйлестіңіз бе?

- Әлі сөйлесіп үлгерген жоқпын. Алдағы уақытта барлық қателікке сарап жүргізіп, соларды болдырмау үшін жұмыс істейміз.

- 60 келі бәсекелестік ең жоғары салмақ, құрамадағы қай спортшыны алсаң да әлемдік деңгейде күресуге дайын. Сіз мұндай бәсекелестікке қаншалықты дайынсыз?

- Толықтай дайынмын.

- Астанадағы турнирден соң 60 келіге қатысты біраз сөз болды. Мағжан Шамшадиннің бапкері біраз ренішін білдірді, бұл жайт екеуара қарым-қатынасқа кері әсер еткен жоқ па?

- Жоқ, Мағжанмен қарым-қатынасымыз жақсы, аға-іні болып сыйласып жүреміз. Әлем біріншілігіне екі-ақ адам қатыса алады. Бұл чемпионатқа Елдос ағамыз екеуміз ғана келдік. Бапкер өз пікірін айтты, оған қарсы ештеңе айта алмаймын, әркім өз ойын айтуға құқылы ғой.

- Жанкүйерлерге не айтасыз?

- Арнайы қолдап келген жанкүйерге алғысым шексіз. Абу-Дабиде қазақ жанкүйерлерінің ерекше қолдау көрсеткенін көрдік. Бәрін естідік, рахмет! Қазақстандағы жанкүйерлерімнен сәтсіздікке ұшырағаныма кешірім сұраймын. Алла қаласа, алар асу алда.
Яндекс.Метрика