Вернуться к списку статей

Қазақстан Испаниямен бір топқа түсті

Футзал
9K
Өзбекстанның Самарқан қаласында футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды.
Турнир 14 қыркүйек – 6 қазан аралығында Ташкент, Бухара және Әндіжан қалаларында өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы жеребе қорытындысы бойынша «D» тобына түсті. Қарсыластары – Испания, Жаңа Зеландия және Ливия құрамалары.
Топтық кезеңіндегі ойындарымыз 15, 18 және 21 қыркүйекте Әндіжан мен Ташкентте өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан төрткүл дүние додасына төртінші рет қатыспақ. Бұған дейін біздің футзалшылар Гватемала, Колумбия және Литвада өткен әлем біріншіліктеріне қатысқан еді.

Жеребе бойынша әлем чемпионатының құрамалардың топтық бөлінісі:

А тобы: Өзбекстан, Нидерланд, Парагвай, Коста-Рика
В тобы: Бразилия, Куба, Хорватия, Таиланд
С тобы: Аргентина, Украина, Ауғанстан, Ангола.
D тобы: Испания, Қазақстан, Жаңа Зеландия, Ливия.
Е тобы: Португалия, Тәжікстан, Марокко, Панама.
F тобы: Иран, Венесуэла, Франция, Гватемала.

Қазақстан құрамасының ойындар кестесі:

15 қыркүйек
Испания – Қазақстан
Әндіжан әмбебап спорт кешені, Әндіжан
 
18 қыркүйек
Ливия – Қазақстан
Әндіжан әмбебап спорт кешені, Әндіжан
 
21 қыркүйек
Қазақстан – Жаңа Зеландия
«Хумо Арена», Ташкент
 
Ұлттық құрама әлем чемпионатына дайындықты 4 тамызда бастайды.  Жоспар бойынша оқу-жаттығу жиыны Алматы мен Астанада өтеді.
         

«Әлем чемпионатында «жақсы топ» деген болмайды. Ондайды тек WhatsApp-тан көре аласыздар. Мұндай ондай жоқ. Біз үшін оңайға соқпасы анық. Басқаларға да солай. Жеребенің алдын-ала тартылуының жақсы жері қашан және қайдан ойнайтыныңды білу. Ал қалғаны – қарсыластар. Дайындаламыз. Жаңа Зелания – әлем чемпионатындағы жаңа команда. Ірі денелі жігіттер. Күшке салып ойнайды. Ливия да дәл солай. Бірақ африкалықтардың шеберлік деңгейі жоқ. Испанияны бәрі біледі. Қағаз жүзінде бұл топта Испания мен Қазақстан фавориттер. Бірақ бұл тек қағаз жүзінде. Соны ұмытпайық. Испаниямен бірінші матчта жолығамыз. Ол да жақсы. Бұл ойын – футзалдың сәнін келтіретін матчтардың бірі. Бізді Өзбекстанда қолдаушылар көп болатынын білеміз. Дегенмен жанкүйерлерге сеніп ғана отырмай, өзіміз де дұрыстап дайындалуымыз керек», - дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері.

Яндекс.Метрика