«Қайрат» (Алматы) – «Ордабасы» (Шымкент) – 4:0
Голдар: Зария, 9 (1:0). Жоао Пауло, 38 (2:0). Зария, 45+2-пенальтиден (3:0). Станоев, 73 (4:0).
Алаңнан қуылды: Швырев, 85.
Енді екінші турға тоқталып өтсек, турдың орталық ойыны Алматыда өтті. Алатау баурайында соңғы екі жылдағы ел чемпиондары кездесті. 2023 жылғы чемпион «Ордабасы» Алматыға қонаққа келді. Бірақ былтырғы чемпиондар қарсыласты аяған жоқ.
Бірінші таймның өзінде үш гол соққан алаң иелері екінші таймда есепті 4:0-ге жеткізді. Соңғы кездері бірнеше легионер алған «Ордабасы» футболшылары шабуылда еш шеберлік көрсете алмады. Қорытынды есеп – 4:0.
Ойыннан кейін «Ордабасы» командасының бас бапкері Андрей Мартин бірнеше матчтан кейін ғана қалыпқа келеміз деп отыр.
Голдар: Зария, 9 (1:0). Жоао Пауло, 38 (2:0). Зария, 45+2-пенальтиден (3:0). Станоев, 73 (4:0).
Алаңнан қуылды: Швырев, 85.
Енді екінші турға тоқталып өтсек, турдың орталық ойыны Алматыда өтті. Алатау баурайында соңғы екі жылдағы ел чемпиондары кездесті. 2023 жылғы чемпион «Ордабасы» Алматыға қонаққа келді. Бірақ былтырғы чемпиондар қарсыласты аяған жоқ.
Бірінші таймның өзінде үш гол соққан алаң иелері екінші таймда есепті 4:0-ге жеткізді. Соңғы кездері бірнеше легионер алған «Ордабасы» футболшылары шабуылда еш шеберлік көрсете алмады. Қорытынды есеп – 4:0.
Ойыннан кейін «Ордабасы» командасының бас бапкері Андрей Мартин бірнеше матчтан кейін ғана қалыпқа келеміз деп отыр.
«Мұндай ойынға пікір білдірудің өзі қиын. Тек алаң иелерін құттықтаудан басқа амал жоқ. «Қайрат» тәртіпке бағынған жақсы ойын көрсетті. Бірақ өз командам туралы жаман сөз айта алмаймын. Шешуші сәттерде қарсылас тың болды және шеберлік таныта білді. Өз мүмкіндіктерін мүлт жібермеді. «Ордабасының» бұл құрамы жаңарған. Сондықтан әлі 5-7 тур керек. сол кезде ойынның балансы құрылады», - дейді Андрей Мартин.
«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Атырау» (Атырау) – 2:1
Голдар: Жұмат, 6 (1:0). Марат, 52 (2:0). Барбоза, 82 (2:1).
«Оқжетпес» премьер-лигаға оралды. Ең бастысы, Көкшетау жоғары лиганың ойынын қабылдады. Әйтпесе, «Оқжетпес» маусымның басында өз алаңындағы ойынын көбіне басқа қалада өткізетін. Мұнысы әрі сәтті болды. Андрей Ферапонтов шәкірттері жанкүйерлерін қуантып, «Атыраудан» үш ұпай алды. Дәурен Жұмат пен Дамир Мараттың голы алаң иелеріне жеңіс сыйлады.
«Атырау» осыған дейін «Елімайдан» басым түскен соң, жақтастары көп үміт қатып қалған еді. Бірақ бұл жолы сенімді ақтай алмады.
«Жетісу» (Талдықорған) – «Ұлытау» (Жезқазған) – 0:0
Талдықорғандағы «Жетісу» мен «Ұлытау» арасындағы матч тең аяқталды. тіпті есеп ашылған жоқ. Премьер-лига дебютанты «Ұлытау» осылайша алғашқы ұпайына қол жеткізді.
Шыны керек, «Жетісу» клубындағы жағдай мүлдем түсініксіз. Клуб директоры қызметі Гурмандардың отбасындағы кенжесі Маркке тиген. Бас бапкердің міндетін Самат Смақов атқарып жүр. Жергілікті ойыншылар азайып кеткен. Былтырғы көшбасшылары Серікжан Мұжықов пен Асхат Балтабековтер басқа клубқа ауысып кетті.
Ал олардың орнына келген ойыншылардың қарым-қабілетіне баға беруге әзірге ерте болып тұр.
«Жеңіс» (Астана) – «Тобыл» (Қостанай) – 0:0
2000-жылдары атағы дүркіреген «Жеңіс» осыдан төрт жыл бұрын қайта жаңғырған еді. Былтыр клуб премьер-лигаға оралды. Енді биыл өз алаңындағы ойынын Астанада өткізуге мүмкіндік алып отыр. Араға 16 жыл салып, «Жеңіс» елордада премьер-лигадағы ойынын өткізді. Команда Қостанайдың «Тобылын» қабылдады.
Негізі фаворит қонақтар болатын. Құрамы тәп-тәуір легионерлермен жасақталған команда мықтылығын дәлелдей алмады. Бәлкім, «Тобылға» білікті бапкер қажет пе? деген сұрақ туындайды. Әзірге үздіктерді ойнатуға Нұрбол Жұмасқалиевтің тәжірибесі жетіспей жатқандай көрінеді.
Ал ойынға келсек, екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері болды. Бірақ пайдалана алмады. Сөйтіп қос ұжым бір ұпайға қанағат білдірді.
«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Тұран» (Түркістан) – 2:1
Голдар: Анджелкович, 29 (1:0). Милойко, 55 (1:1). Сейдахмет, 84 (2:1).
«Ақтөбенің» ойынына жанкүйерлердің өкпесі қара қазандай. Әсіресе, бас бапкер Игорь Леоновтың жұмысына көпшіліктің көңілі толмайды. Бірақ бұл жолы әупірімдеп жүріп, Түркістанның «Тұран» клубын жеңді. Матчтағы үш гол да баспен соғылды. Қорытынды есеп – 2:1. Жеңіс голының авторы – Еркебұлан Сейдахмет.
Биыл негізі «Тұран» клубының алдына қойып отырған мақсаты жоғары. Құрамы да қарымды. Беларусь маманы Виталий Жуковский жүлдеге таласып көрсуге тырысады.
«Бізге аздаған тәжірибе жетіспей жатыр. Жігіттер болмашы жерден жекелеген қателер жіберіп жатыр. Бәлкім жастық пен тәжірибенің аздығынан болар. Бірақ футболшылардың көзінен от көрдім. Жеңіске жеткісі келеді. Сол жағы ұнады», - дейді «Тұран» бапкері Виталий Жуковский.
«Елімай» (Семей) – «Қайсар» (Қызылорда) – 2:0
Голдар: Тугарев, 62 (1:0). Плакка, 89 (2:0).
«Елімай» әзірге Астанада ойнамақшы. Бұл жолы олар елордада «Қайсарды» қабылдады. Тек қазақ футболшыларымен ойнауды мақсат еткен Қызылорда клубы бірінші таймды тәп-тәуір өткізді. Тіпті, есеп ашатын мүмкіндіктері болған.
Виктор Кумыков әр тур сайын жас футболшыларға да көп мүмкіндік беріп жатыр. Орталық алаңда Думан Нәрзілдаев пен Айбол Әбікен жұбы жақсы ойын көрсетіп жүр. Бірақ шабуыл шебінде гол соғатын ешкім жоқ. Жалғыз Айбар Жақсылықовтың шамасы жетер емес.
Ал қарсыласы Семей клубы биыл жақсы ойыншылармен толыққан еді. Алайда әзірге Андрей Карпович команданың ойын өрнегін құрастыра алмапты. «Қайсармен» матчта біраз қателік жіберді. Әйтеуір абырой болғанда 62-минутта Тугараев есеп ашып, 89-минутта Плакка түйіндей алды. Қорытынды есеп – 2:0.
«Қызылжар» (Петропавл) – «Астана» (Астана) – 0:2
Голдар: Чинеду, 11 (0:1). Грипши, 42 (0:2).
Осы турды «Қызылжар» мен «Астана» қорытындылады. Матч Қостанайдағы жабық манежде өтті. Биылғы «Қызылжар» бұрын Әли Әлиевтің «Қызылжарынан» өзгерек. Әзірге мықтыларға айбат көрсететін шамада емес секілді. Оның үстіне, клубтың қаржылық проблемасы да бар.
Ал «Астана» бабында. Құрамы тұрақты. «Қайратпен» бірге осы маусымда чемпиондықтан басты үмітті ұжымдардың бірі. Бұл ойында елорда клубы мәселені бірінші таймда шешті. Чинеду мен Грипшидің голы Бабаян шәкірттеріне үш ұпай сыйлады.
Енді премьер-лиганың 3-туры 29-30 наурыз күндері өтеді. Оған дейін ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты үзіліс.