1 наурызда жаңа маусымның шымылдығын «Атырау» мен Семейдің «Елімай» клубы арасындағы ойын ашты. «Мұнайшылар» өз алаңында барын салып, қонақтарды қапы қалдырды - 2:1. Осылайша, ҚПЛ-2025-тегі алғашқы үш ұпайдың иесі атанды. Ал Шымкенттің «Ордабасы» мен «Ақтөбе» тең есепті қанағат тұтты.
Алғашқы таймда алаң иелері ширақ қимылдап, шабуылға басымдық бергенімен, есеп ашылған жоқ. Екінші таймда қонақтардың белсенділігі артты. Гол соғатын да бірнеше мүмкіндігі болған, алайда олар да мұны пайдалана алмады. Тиісінше чемпиондыққа таласатын үміткерлердің кездесуі тең есеппен аяқталды — 0:0.
Қостанайдың «Тобылы» «Ұлытауға» еш мүмкіндік қалдырмастан, қонақтар қақпасында екі бірдей голды тулатты.
Алғашқы турдың екінші күнінде Қызылорданың «Қайсар» клубы алаңға 11 қазақ футболшысын шығарып ерекшеленді. Дегенмен елорданың «Жеңіс» клубымен өткен кездесуде жанкүйерлер гол көрген жоқ. Ойын алдында жауған қар да футболшыларға кедергі келтірген тәрізді - 0:0.
Есесіне Түркістанның «Тұраны» Көкшетаудан келген қонақтарға екі гол салды. Алғашқы минуттардан-ақ белсенді болған алаң иелері сапынан Шохбоз Умаров есеп ашса, екінші таймда Лука Згурский есепті еселеді — 2:0.
Петропавлдың «Қызылжар» клубы мен Талдықорғанның «Жетісуы» арасындағы матчта қарсыластар бір-бір голмен ерекшеленді - 1:1.
Жанкүйерлердің асыға күткен ойындарының бірі елорда төрінде өтті. «Астана» жөндеуден өткен өз стадионында Алматының «Қайрат» клубын қабылдады.
Клубтар алаңға мына ойыншыларды шығарды: «Астана»: Сейсен, Вороговский, Казуколовас, Калайца, Бартолец, Эбонг, Аманович, Грипши, Камара, Томасов, Чинеду; «Қайрат»: Заруцкий, Мата, Сорокин, Мартынович, Касабулат, Арад, Громыко, Глейзер, Зария, Сантана, Жоао Пауло.
Есепті алғаш болып алаң иелері ашты. Марин Томасовтың алыстан шірене тепкен добы алматылық ұжымның қақпасынан дәл табылды. Дегенмен елорда командасы есептегі басымдықты ұстап қала алған жоқ. Ойынның 67-минутында Мұхаммеджан Сейсеннің қателігін тиімді пайдаланған Дастан Сәтпаев таразы басын теңестіріп, командасына бір ұпай сыйлады — 1:1. «Челси» сатып алған Сәтпаев жанкүйерлерін қуантып қойды.
Маңызды деректер:
- 7 матчта 11 гол соғылды;
- 21 сары қағаз көрсетілді;
⁃ «Тобыл», «Қызылжар», «Ордабасы» клубтары мүлдем ескерту алмаса, «Жеңіс» пен «Ақтөбеге» ең көп 4 сары қағаз берілді.
⁃ «Қайсар», «Оқжетпес» клубтары негізгі құрамда тек отандық футболшыларға сенім артты. Негізгі құрамда ең аз 2 отандық футболшыны «Тұран», «Астана», «Қайрат» ұжымдары шығарды.
⁃ 1-турда 204 футболшы алаңға шықты. Олардың арасынан 112 отандық футболшы (негізгі құрамда 75 ойыншы, қосалқы құрамнан 37 ойыншы) доп тепті.
⁃ 56 футболшы премьер-лигада дебют жасады.
⁃ 4 ойында жеңімпаз анықталмады. Осындай бұған дейін 2008 жылғы ел чемпионатының алғашқы турында тіркелген;
⁃ Чемпионаттың алғашқы голы осы матчта тіркеліп, «мұнайшылар» сапынан Едіге Оралбай гол соқты.
⁃ 2024 жылдың алғашқы турында қос клуб Семейде жолығып, 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын.
— «Атырау» клубы 6 жылдан кейін ел чемпионатын жеңіспен бастады. Бұған дейін 2019 жылы сырт алаңда «Қайсардан» 0:1 есебімен басым түскен еді.
— «Атырау» қақпашысы Арсен Сиукаев 11 соққы қайтарды.
Ойын нәтижелері:
«Атырау» (Атырау) – «Елімай» (Семей) – 2:1
Голдар: Оралбай, 11 (1:0). Мулич, 15 (1:1). Барбоса, 53-пенальтиден (2:1).
«Ордабасы» (Шымкент) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 0:0
«Тобыл» (Қостанай) – «Ұлытау» (Жезқазған) – 2:0
Голдар: Сигневич, 43 (1:0). Чесноков, 74 (2:0).
«Қайсар» (Қызылорда) – «Жеңіс» (Астана) – 0:0
«Тұран» (Түркістан) – «Окжетпес» (Көкшетау) – 2:0
Голдар: Умаров, 32 (1:0). Згурский, 70 (2:0).
«Қызылжар» (Петропавл) – «Жетісу» (Талдықорған) – 1:1
Голдар: Жарынбетов, 24 (1:0). Шмидт, 77 (1:1).
«Астана» (Астана) – «Қайрат» (Алматы) – 1:1
Голдар: Томасов, 40 (1:0). Сәтпаев, 69 (1:1).