Вернуться к списку статей

Александр Кержаков «Қайратты» чемпион қыла ала ма?

Футбол
10K
Алматының «Қайрат» футбол клубы 41 жастағы ресейлік жаттықтырушы Александр Кержаковпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады. Осылайша, Кержаков «Қайратты» жаттықтыратын төртінші ресейлік бапкер атанды. Бұған дейін алматылық ұжымды 2004 жылы Леонид Пахомов, 2004-2005 жылдары Алексей Петрушин және 2016 жылы Александр Бородюк жаттықтырған болатын. Осы үш бапкердің ішінде тек Алексей Петрушин ғана «Қайратқа» Қазақстан чемпионы атағын алып берді. Арадан 20 жыл өткенде «Қайраттың» төртінші ресейлік бапкері Александр Кержаковпен ел чемпионы атана ала ма?

«Светогорецтен» «Цюрихке» дейін

Александр Кержаков 1982 жылы Ресейдің Кингисепп қаласында туған. Александрдің әкесі Анатолий Кержаков та кезінде футболшы болған. Баласы секілді Ресейдің, Еуропаның ТОП клубтарында ойнмаса да, Ресейдің бірінші, екінші лигаларында тәуір доп тепкен. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей Александрдің футболдан басқа спорт түрін таңдауға мүмкіндігі болған жоқ. Күндіз-түні көргені доп болған соң, оның да аңсары ала допқа ауған. Сөйтіп Кержаков футболдың қыр-сырын, әліппесін әкесінен үйренді.

Кейіннен алты жыл Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының академиясына қабылданып, шеберлігін одан әрі шыңдады. Ал ересектер арасындағы кәсіби карьерасын 2000 жылы Светогорск қаласының «Светогорец» клубында өткізді. Ол жақта ерекше ойынымен мамандардың көзіне түскен Саша 2001 жылы «Зениттің» негізгі клубына шақырту алады. Санкт-Петербург клубы сапында бес жыл ойнап, «Зенитпен» бірге Ресей біріншілігінің күміс (2003), қола (2001) жүлдесін жеңіп алды.
2004 жылы Ресей премьер-лигасында 18 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды. Сондай-ақ сол жылы Еурокубок ойындарында да сәтті өнер көрсетіп, клубтың үздік ойыншыларының бірі болды. Бірнеше мәрте мергендік танытып, маңызды голдарды да соқты. Соның ішінде Испанияның «Севилья» қақпасынан да саңылау тапқан. Сол матчта Испания клубы басшыларының назарына ілігіп, арада екі жыл өткенде 2006 жылы Александр Кержаков «Севилья» клубымен 5,5 жылға келісімшартқа отырды. Трансфер құны – 5 миллион еуро. Бұл – сол кезеңдегі Ресей футболындағы рекорд соманың бірі болды. Бірақ Александр жат чемпионатта өз шеберлігін көрете алмады.  Луис Фабиано мен Фредерик Кануте секілді тәжірибелі футболшылардан бәсекелестіктен жеңіліп, қосалқы құрамның ойыншысы болды. 2008 жылы клубтан кеткенге дейін 26 матчта алаңға шығып, 8 рет мергендік танытқан. Сонымен қатар «Севилия» сапында жүріп бір рет УЕФА кубогінің, бір мәрте Испания кубогінің және Испания суперкубогінің жеңімпазы атанды.  

2008 жылы футболшы отанына оралып, екі жыл Мәскеудің «Динамосында» ойнады. Келе салып командасымен Ресей чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. Ал 2010 жылы өзінің туған командасы – «Зенитке» қайта оралды. Командаға екінші рет келуі өзіне де, «Зенитке» де сәттілік алып келді. Алты жылдың ішінде үш рет Ресей чемпионы атанып, екі рет күміс жүлдегер, бір мәрте қола медаль иеленді. Сонымен қатар екі рет Ресей суперкубогін, бір рет Ресей кубогін жеңіп алды.
2017 жылы «Зениттен» кеткенге дейін Кержаков Швейцарияның «Цюрих» командасында бір жыл жалда ойнап келді. Жолы болғыш Саша ол жақтан да құралақан қайтқан жоқ. 2015/16 жылғы маусымда Швейцария кубогіне қол жеткізді. Александр Кержаков бүкіл карьерасында төрт-ақ командада ойнаса да, кез келген футболшы армандайтын атаққа да, кубокке де қол жеткізе алды. Былайша айтқанда, оның футболшы карьерасында өткенге еш өкініші жоқ. 

Сұраныс жоқ және тұрақсыз бапкер

Карьерасын аяқтаған соң Кержаков 2017 жылы бапкерлік өнерді қолға алды. Жұмысты алыстан іздемей-ақ ә дегеннен «Зенит» ФК Академиясында жаттықтырушы болды. 2018-2020 жылдар аралығында Ресейдің U-17, U-18 бен U-19 жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырды. Кержаков жастар құрамасында өнімді жұмыс істемесе де, көп жылға азық болар мол тәжірибе жинады. Соның арқасында ресейлік «Томь» және «Нижний Новгород» командаларында жұмыс істеу мүмкіндігін алды. Екі клубта да Саша есте қаларлықтай ештеңе істей алған жоқ. «Томь» клубымен бірінші лигадағы, «Нижний Новгород» 11-орынмен прьемер-лигадағы орнын сақтап қалуға ғана шамасы жетті. Ешқандай кубоктік бәсекелерде командасы көзге түсе алмады.

2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың ақпанына дейін жұмыссыз қалған Кержаковты Кипрдің «Кармиотисса» командасы аттай қалап алдырғанымен, Александрдің жұмысы клуб басшылығының көңілінен шықпады. Сол жылдың 1 сәуірінде қызметінен кетті. Ал «Қайратқа» келгенге дейін Сербияның жоғарғы дивизионында өнер көрсеткен Суботица қаласының «Спартак» клубын жаттықтырды. Кержаковтың жетекшілігімен алғашқы ресми матчта «Спартак» «BMI» командасын 2:1 есебімен жеңгенімен, кейінгі матчтарда Кержаковтың нәтижесі алға қарай жылжудың орнына кері кетіп жатты. Соңғы жеті матчтың тек біреуінде ғана жанкйүерлеріне жеңіс сыйлай алды. Нәтижеге көңілі толмаған клуб басшылығы ресейлік жаттықтырушыны жөніне жіберді.

Футболшы карьерасында бағы жанған Александр Кержаковтың бапкерлік өнерде жолы болар емес. Байқасаңыз, бір команданы ешқашан бір жылдан артық жаттықтырмаған. Яғни, тұрақсыз жаттықтырушы деп айтуға болады. Ал бұндай бапкермен ұзақмезімді жоспар құрып, белігілі бір жетістікке жетудің өзі қиын дүние. Жаңа чемпионатты бағындыруға келген ресейлік бапкердің жұмысы қанша уақытқа дейін жалғасатыны белгісіз. Александр Кержаков «Қайратты» чемпиондыққа жетелей а
Яндекс.Метрика