– «Қайсар» тек жергілікті футболшылармен ойнаймыз деп, Руслан Юденков, Василий Совпель секілді легионерлермен жақында қоштасты. Сен бірақ шешімді одан ерте қабылдап, өзің кетіп қалдың. Бұған не себеп?
– Өйткені менің жағдайым басқалармен салыстырғанда мүлдем басқа. Маусым соңында үшінші жылға қалмаймын деп шешіп қойғанмын. Қазақстанда командалар жаңа маусымға дайындықты желтоқсанда бастайды. Сол кезде клубтан хабарласты, бармайтынымды айттым. алғашында «Қайсарда» ойнамасам да, Қазақстанның басқа клубына ауысатын шығармын деп ойлаған едім. Өйткені 2,5 жыл сол жақта ойнап, үйреніп қалдым. Әйелім мен қызым бар. Ұсыныстар да болды, бірақ нақты келісімге келе алмады. Сосын «Гомель» бапкері Андрей Горовцов хабарласып, еліме қайтатын болдым.
– Дмитрий неліктен командадан маусым аяқталған соң кетемін деп шештің? Бұл тек қарызға байланысты ма, әлде басқа да себептер бар ма?
– Бірінші кезекте төленбеген жалақыларға байланысты. Қызым Қызылордада ақылы балабақшаға барып жүрді. Әйелім жұмыс істеді, қосымша оқуын жалғастырды. Былтыр жазға дейін ақшадан тарыққан жоқпыз. Маусым ортасынан бастап, жалақы кешіктіріле бастады. Бізге ең болмаса қазір ақша жоқ, сосын табылған соң барлық қарызды өтейміз десе бір жөн еді. Олай болмады. Тек құрғақ уәдемен тойдырды. Екі апта күте тұрыңдар, бәрі болады деп қатырды. Күтеміз, уақыт келеді. Ештеңе жоқ. Одан келесі апта міндетті түрде болады дейді. Тағы жоқ. Ақыр соңында 3-4 ай жалақы алмаған күйі кеттік. Өте қиын кезең болды. Моральдық тұрғыда өте қиын.
Негізі бірінші маусымнан кейін кетемін деп ойлағанмын. Бірақ қалдым. Ал екінші маусым аяқталғанда еш ойланбастан кеттім. Ал жалпы бапкерлерге, спорттық директор Мақсат Байжановқа жалпы клубтағы қызметкерлерге ешқандай тағатын айыбым жоқ. Қаржыландыру жоғары жақтан болмады. Әсіресе, бапкерлер штабына алғысым шексіз. Виктор Кумыков көп нәрсе үйретті. Екі жылда футболшы ретінде өстім. Команда бюджеті аз болса да, бізден де әлеуеті жоғары клубтардан жақсы ойнап, біріншілікті абыроймен аяқтадық.
– Қазір қарызды қайтару бойынша қандай да бір шаралар жүзеге асып жатыр ма?
– Маусым аяқталысымен мен FIFA-ға арыз жаздым және бұл іс-әрекетімді клубтың спорттық директорына ескерттім. Өйткені, сыйластығымыз жақсы еді. Бұл менің ел асып, жер асып жүріп тапқан адал еңбекақым. Сондықтан, ақшамды алатыныма сенімді болу үшін FIFA-ға арыздануыма тура келді. Әзірге, жалақыға берешекті қайтару бойынша ешқандай әрекет жоқ. Мәселеміз шешілетін шығар деп әзірге күтіп отырмыз…
– Қазақстан үшін мұндай жағдай бірінші рет емес. Басқа клубтарда соңы қалай шешіліп жүр екен?
– Иә, Қазақстанда жыл сайын футболшылардың жалақысына қатысты мәселе жиі болатынын естіп жүрмін. Бірақ мені басқа командаларда не болып жатқаны қызықтырмайды. Ал «Қайсардағы» бұл кешіктіру ең алдыма өзіме жағымсыз әсер етті. Сондықтан мен осындай шешім қабылдадым. Алдымен командадан кетіп, сосын FIFA-ға арыз жазу.
– Қаржы жағын былай қойғанда, Қазақстан чемпионатында ойнау тәжірибесі сізге не берді?
– Жалпы, осы 2,5 жыл мен үшін өте жақсы болды. Алғаш келгенімде, алты ай бойы «Ордабасыға» келгенімде, қазақстандық стандарт бойынша үлкен клубқа түскенімді бірден сезіндім. «Ордабасының» сол маусымда айтарлықтай қаржылық мүмкіндігі болмағанына қарамастан, ел кубогын жеңіп алдық. Ойын тәжірибесі тұрғысынан «Қайсардағы» екі жылым да жаман өткен жоқ. Бірінші маусымда алтыншы орын алдық. Шама-шарқымызды таразылайтын болсақ, бұл керемет көрсеткіш деп санаймын. Мен 8 гол соқтым, ұлттық құрамаға шақырту алдым. Иә, алаңға шықпадым, соған қарамастан мен үшін ерекше есте қалатын сәт болды. Қызылорда қаласы да менің жүрегімде қалады. Осы қалада екі жыл бойы қызымның есейгенін көрдім. Мұны ұмытпаймын. Қаншама достар таптық, балабақшадағы тәрбиешілермен жақсы қатым-қатынас орнаттық.
– Бас бапкер Виктор Кумыков ақылды әрі интеллигент және жан-жақты маман деп айтады. Бос уақытында театор, музейге барғанды жақсы көреді екен. Сіз үшін оның орны қандай?
– Музейге деген қызығушылығынан хабарым жоқ. Өйткен біз жақын араласпадық. Ал маман ретінде өте мықты. Керемет тактик. Қарсыластың ойынын жан-жақты талқылайды. Теорияға көп көңіл бөледі. Мен үшін карьерамдағы ең үздік бапкер болып қала береді. Оған айтар алғысым шексіз. Жетістігі де бір басына жетерлік. Қарағанды «Шахтерімен» екі рет ел чемпионы атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған. Кумыков жалпы қай командаға барса да, максимум күшін салып, нәтиже көрсететін жаттықтырушы.
Айта кетейік, өткен маусымда Бородин қызылордалықтар сапында барлық турнирде 23 матч өткізіп, 1 гол соққан және 1 нәтижелі пас берген. 9 қаңтарда футболшы «Қайсардан» кетіп қалды, оған клубтың қаржылық қарыздары себеп болды. Ал биылдан бастап қызылордалық клуб толықтай легионерлерден бас тартты.