– Станислав Саламұлы, өткен жыл сәтсіз аяқталды. Енді 2025 жылға жоспарыңыз қандай?
–Жиі қойылатын сұрақ. Бірақ ойын қашан өтетінін, неге дайындалу керектігін білмей жатып жоспар құру мүмкін емес. Қазір жеребе тасталды, енді қашан, қайдан бастайтынымызды анық түсінеміз. Жоспар осыдан құрылады.
Бізде сыртта екі ойын табиғи алаңда өткіземіз, демек «Қалай дайындаламыз?» деген сұрақ автоматты түрде туындайды. Қазақстанда наурыз айында күн салқын, сондықтан табиғи алаңда дайын болмайды. Қазір осы мәселені қалай шешу керектігін талқылап жатырмыз. Мүмкін бір жерге жиналатын шығармыз. Жаңа ғана лиганың жаңа президентімен осы мәселе туралы сөйлестік. Жұмыс жүріп жатыр, оның көбі көзге түспейді, сіздер тек 90 минуттық ойынды ғана көресіздер.
– Қандай өзгерістер болуы мүмкін?
– Әрине, өзгерістер болады. Мысалы, Бауыржан Исламхан жағымсыз жағдайға тап болды. Жарақат алды, ота жасалды, өкінішке қарай наурыз айында болмайды. Осы уақыт ішінде белгілі деңгейге көтерілген ойыншы.
Кім, қандай күйде? Қай клубқа ауысады? Кім, қалай ойнайды? Бапкер футболшыны қандай позицияда қолданады? Осы сияқты сұрақтарға қатысты ештеңе айта алмаймын.
Мен қанша жылдан бері Ресей құрамасында, Қазақстан құрамасында жұмыс істеп келем. Бәрі біз жоспарлағандай болғанын көрген емеспін, ешқашан олай болған емес. Өйткені, үнемі аяқасты бірдеңе болып қалады. Біз қайда бағыт алып бара жатқанымыз жайлы көрініс, түсінік бар. Ал қалғанын жағдай көрсетеді.
– Сіздің жұмысыңызға қатысты сын көп. Өзіңіз атқарған қызметіңізді қалай бағалайсыз?
– Әрине, ұпай, гол сияқты сандармен сөйлесек нашар. Енді ішкі жағдайға еніп бағаласақ, онда оң өзгерістер бар екені сөзсіз.
Иә, біз гол соққан жоқпыз және аз ұпай жинадық. «Мұндай қиын топта көп ұпай жинаймыз» деп айту таяз ойлау болар...
Әлбетте көп ұпай жинап, жоғары орындардан көрінгіміз келеді. Бірақ осы жолы қандай да бір себептермен сәтсіздік болды. Енді осы жинақталған тәжірибе алдағы матчарымызға көмектеседі деген үміттенеміз. Ең бастысы, ойыншылар сақадай сай ма, олардың дайындығы қалай?! Мысалы, Дарабаев және Покатиловтың әзірге келісімшарттары жоқ.
– Мұны жай ғана сәтсіздік деуге келмейтін шығар. Оның себебі басқада болар. Мысалы жаттығу жеткіліксіз бе? Қаржыландыру аз ба, әлде футболшылар әлсіз бе?
– Бізге Холанд, Арнаутович, тағы сол сияқты жұлдыздар жетіспейді. Екіншіден, бұл жолғы ұлттар лигасында бізде қалпақпен ұрып алатындай қарсыластар болған жоқ.Біз ойын тактикасын өзгертіп, төрт қорғаушыға көштік. Бұл ойыншыларға ұнайды. Қорғанысты, тепе-теңдікті сақтау үшін шабуылға тағы бір ойыншыны қостық. Бұрыштан көбірек доп бере бастадық және доп көбірек уақытымыз көбейді. Мысалы, Словениямен матчта пастың саны 100-ден асты.
Ойыншылары о бастан мықты құрама мен бапкер ғана басымдыққа ие болады. Өйткені, ұлттық құрамада екі күнде жиналып, бір нәтиже көрсетуі қиын. Сондықтан жоғары деңгейлі ойыншылар көбірек керек. Испанияда, Италияда, Германияда ойнайтын ойыншы, ол үнемі осы деңгейде жаттығады. Біз бұл жағынан артта қалғанбыз. Бірақ ең бастысы, қазір бізде ынта бар, мүмкіндік бар.
– Жеңілістер бірінен соң бірі жалғасқан соң, негатив көп болды. Сол кезде бұл тығырықтан қалай шыға алдыңыз?
– Өз басым уайымдамаймын. Бапкердің уайымдауға құқығы жоқ. Уайымдаған сәттен бастап ол жанкүйерге айналады. Бұл жерде сәтсіздіктерге қатысты дұрыс сараптама жасай алу маңызды. Мен келгенге дейін құрама бес ойында ұтылды. Норвегияға емес, Люксембург, Әзірбайжан және Армения секілді құрамаларға есе жіберді. Бәсекелестік жоғары лигада ойнап жатқанда, бапкер ненің маңызды екенін түсінуі қажет: бір голға артық соғу ма, бір ұпайды артық иелену ме немесе өзгерістер жасап, соны сараптау ма?
Мысалы, соңғы матчта Шацкий емес, Покатилов ойнады. Щацкий бірінші лигаға ауысты, енді оның ойынын бақылап отырамыз. Ол соңғы жылдары ұлттық құраманың негізгі қақпашысы болды. Енді біз «қақпада кім тұрады?» деп алаңдамаймыз. Покатилов соңғы бірнеше жылда ұлттық құрамада ойнамаса да, ол өзін көрсетті, біз оның не істей алатынын білдік. Өзі де сезінді, халық та көрді, команда да түсінді. Бұл оның алдағы уақытта міндетті түрде ойнайтынын білдірмейді. Біз бүгін ешкімге кепілдік бере алмаймыз. Оның үстіне ол қазір клубсыз жүр.
Тағы бір мысал – Әділбек Жұмаханов пен Ғалымжан Кенжебек алаңға шықты. Исламбек Қуат пен Абзал Бейсембеков «Астанадан» кетіп жатыр, қайда баратыны белгісіз. Ал бізге Уэльспен ойнағанда бәрін басынан бастамай, дайын болуымыз керек. Егер бапкер тек өзін ойлап, сын естімеу үшін әрекет етсе, бұл дұрыс болмайды. Айтпақшы, сынайтындар әрқашан табылады. Мәселен, 2:0 есебімен жеңсеңіз де, «неге үшінші голды соқпадыңдар?» деп айтатын жандар да табылады. Бұл – қалыпты жағдай. Мен оны жақсы түсінемін және оған сабырмен қараймын. Тек сын шынайы әрі кәсіби болуы керек. Жай ғана біреудің өзін көрсету үшін сынауы дұрыс емес. Кез келген сыннан пайдалы нәрсе алу – менің міндетім. «Мені сынады, демек ол жаман адам» деп өкпелейтін уақыт жоқ.
Ешкім де жеңілгенді қаламайды. Артық айтсам кешіріп қоярсыз, бірақ осыншама жүлдені жеңіліп жүріп иеленген жоқпыз. Бастысы, болып жатқан жайтқа объективті қарауды үйрену. Ашуланып, сол ашуыңды футболшылардан алудың қажеті жоқ. Менің міндетім – оларға кеңес беріп, дайындап, әрекет ету.
Белгілі бір кезең өтті. Өткен шақпен өмір сүру мүмкін емес. Бүгін мен ертең бар. Мен тап болған жайт – ол өтпелі кезең. «Ауыс-түйіс заманында өмір сүргеннен Құдай сақтасын» деп жатады. Ал мен футболдан Қазақстан құрамасына осындай өзгерістер кезеңінде келдім. Мен өз жұмысымды атқарып жатырмын, айналада не болса да, оған күлімдеп қараймын.
– Кейінгі кезде Қазақстанда легионерлер мәселесі жиі қозғалып жүр. «Олардан ешқандай пайда жоқ» деген сын айтылады...
– 2014 жылы мен «Динамоны» жаттықтырдым, ол кезде де осы сұрақты қойды. Құрамада 6 легионер, 5 Ресей азаматы ойнау керек болды. Ойынға дайындалып жатқанда, оны да санау керек. Мәселе, құрамадан кім шығады, кім, кімді ауыстыратынында емес, ең бастысы құрамада қанша легионер бары, шектеу болуы тиіс. Алайда мен 8 сапалы легионерді ойнатуды ұсындым. Өйткені, шектеу болса, ешқандай клуб негізгі емес ойыншыны алмайды. Нақты 8, 7, 9 легионер болу керек деп айтпаймын, белгілі бір шек болуы керек. Сонда бәсекелестік орта болады. Легионерлер төлқұжат үшін ойнамайды. Барлық жерде шетелдіктер бар, Қазақстан жеке әлемде өмір сүрмейді ғой. Ал легионерлер лайықты ма, оны әр клуб өзі шешуі тиіс.