Сметов сыйлаған қуаныш
Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары биыл бүкіл жаһанның назарында болғаны белгілі. Әрине, алдыңғы Токио Олимпиадасында алған 83-орынмен (0 алтын, 0 күміс, 8 қола) салыстырғанда көрсеткіш жақсы. Дегенмен Рио-2016 Ойындарындағы 30-орынмен (2 алтын, 5 күміс, 10 қола) теңестіруге келмейді. Сондықтан сарапшылардың көбі қазақ спортында даму емес, тұралау процесі көбірек болып жатқанын алға тартты.
Көңілге ең медеу болғаны – Елдос Сметовтің алтыны. Жалпы, Қазақстан Тәуелсіздік алғалы дзюдо спортынан Олимпиадада алтын алып көрмеген еді. Аталған спорттың отаны саналатын жапониялықтар, техникалық тұрғыда бұларға ілесуге ниетті Франция секілді елдердің спортшылары тұрғанда дзюдодан топ жару мүмкін еместей көрінген. Бірақ Рио Олимпиадасында финалға жетіп, күміс еншілеген, Токиода қола алған Елдос Париж төрінде алтынға қол жеткізді.
Күтпеген жүлде
Париждегі тағы бір жылымық сәт - Нариманның күмісі. Дәлірек айтсақ, спорттық гимнастикадан екінші орынға қол жеткізген Нариман Құрбановтың жүлдесі. Жасырары жоқ, жанкүйерлер бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика секілді спорт түрлерінен жүлде күтеді. Алайда бұларға қоса спорттық гимнастика, көркем гимнастика, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, су спорты мен жеңіл атлетика түрлері секілді салаларға көп көңіл бөлу қажет екенін Нариман дәлелдегендей болды.
Ризабек риза қылды
Жас талантты балуан Ризабек Айтмұқан биыл Париж Олимпиадасына бара алмады. Есесіне өзі қатысқан екі әлем чемпионатынан да алтын алды. Тамыз айында АҚШ-тың Понтеведра қаласында өткен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы (97 келіге дейінгі салмақ) атанды. Сосын қазан айында Сосын Албания астанасы Тиранада еркін күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қарсылас шыдатқан жоқ.
Жұрттың ашуын тудырған бапкер
Былтыр Магомед Адиевтің тұсында Қазақстан футболында жаңа үміт пайда болса, биыл Станислав Черчесов ол үмітті толығымен өшірді. Ресейлік бапкердің баптауымен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында бірде-бір матчта гол соқпай, өздері 15 доп өткізді.
Бұл турнир құрылғаннан бері Лига құрамасы үшін ең нашар көрсеткіш. Черчесов тағайындалғаннан кейін ұлттық команда тағы бірнеше рекордтарды орнатты, соның ішінде голсыз матчтар сериясы (6) және турнирге жиналған ұпайлар саны (1) жағынан да көзге түсті.
17 қарашада өткен соңғы кездесуде Қазақстан құрамасы Норвегия құрамасының 0:5 есебімен жеңіліп қалды.
Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас бапкері болып биыл маусым айында тағайындалған. Алғашқы баспасөз конференциясынан бастап ресейлік бапкердің басы даудан арылмай келеді. Қазақ тілі туралы әзілдеймін деп 700 мың теңгеден аса айыппұл арқалады. Тіпті, спорт министрінің де мәлімдеме жасауына тура келді.
Станислав Черчесовтің ұлттық құрамамен келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды. Ал оның ай сайынғы жалақысы 45 млн теңгеге жуықтайтыны туралы бейресми ақпарат бар.
«Барыстағы» тазару процесі
Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы биыл спорттық нәтиже тұрғысынан құлдырап кетті. Бірақ бөлінетін қаржы азайды деп айта алмаймыз. Сөйтіп қазан айында клуб басшылығы, бапкерлер штабы ауысты. Солтүстік Америкадан келген легионерлер де үйлеріне қайтты.
«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының шешімімен Нұрлан Оразбаев үшінші директорлыққа оралды. Бас бапкер ретінде Ғалым Мәмбетәлиев тағайындалды.
Оразбаев келе сала баспасөз конференциясын өткізіп, «Барыс» енді солтүстікамерикалық хоккейшілерге мұқтаж еместігін алға тартты.
Ол «шығатын есікті» бірінші болып ресейлік Даниил Апальков пен белорусВладислав Кодолаға көрсетті. Содан кейін Солтүстік Америкадан келген легионерлердің бәрі «репрессияға» ұшырады. Мұндай ойыншылар жетерлік. Арасында 332 милилон теңге жалақы алатын Майкл Маклауд та бар. Сондай-ақ, Натан Болие, Уилл Батчер, Алекс Грант, Чейз Де Лео, Си Джей Смит, Уэйд Эллисонмен келісімшарт бұзылды.
Рыбакинаның бас тартуы
Теннистен еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина биыл денсаулығына байланысты Париж олимпиадасына қатысудан бас тартты. Теннисшінің өкпесі қабынып, бронхит диагнозы қойылғаны белгілі. Алайда әлеуметтік желіде Рыбакинаның олимпиададан қалыс қалғаны үшін қазақстандықтар ренішін білдірген.
Елена Рыбакина Қазақстан халқына және жанкүйерлеріне үндеу жасап, жағдайдың қаншалықты қиын болғанын жеткізуге тырысты. Мұны көпшілік сын сағаттағы «сатқындық» деп бағалады.
Спортшылардың жаппай қызметке тағайындалуы
2024 жылы Қазақстан спортында кадрлық өзгеріс көп болды. Даңқты боксшы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиадалық комитеттің (ҰОК) президенті болып сайланды. Ол сондай-ақ Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болды.
Ал боксшылар Василий Левит Астана қаласының, Серік Сәпиев Қарағанды облысының, Бақтияр Артаев Қызылорда облысы басқармасының тізгінін ұстады.
Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетика федерациясының президенті болды. Еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров наурызда Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі ретінде тағайындалды. Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс медаль иегері Мұхтархан Ділдәбеков ақпанда Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік штабпен жұмыс бойынша вице-президенті қызметіне кірісті.
Алматыға «Челси» келді
Қазақ футболындағы биылғы жылдың басты позитивтерінің бірі – Алматыға Еуропадағы танымал топ-клубтардың бірі «Челсидің» келуі. «Ақсүйектердің» Қазақстанға жолы Конференция лигасының топтық кезеңі аясында түсті. Бірақ Лондон клубы негізгі құрамды емес, негізінен жастарына ғана сенім артты. Сөйтіп 50 мыңнан билет алған жанкүйерлердің көңілдері түсті.
Ал матч 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ойыннан кейін Алматыдағы Орталық стадионның директоры Бауыржан Жұмажанов қызметінен кетті. Өйткені матч кезінде стадионның қары тазаланбай, бұл жағдай жанкүйерлердің ашуын тудырды.
Шавкат алаңдатып қойды
Желтоқсан айында UFC ұйымындағы басты үмітіміз – Шавкат Рахмонов чемпиондық белбеуге таласу керек болған. Бірақ Белал Мұхаммад денсаулығына байланысты тегі бұл кездесуден бас тартты.
Сөйтіп орнына UFC 310 турнирінде уақытша чемпиондық атақ үшін сайысқа шығып, ирландиялық жеңіліп көрмеген файтер Иан Машадо Гэрриден ұпай санымен басым түсті. Жекпе-жек барысында отандасымыз жанкүйерлерін бір қорқытып алғаны жасырын емес.
Енді келесі жылы Белалмен чемпиондық айқас өткізбек.