Осы жоғары лигадан соңғы жылдарға дейін төменге түспеген «Шахтер» мен «Ертіс» еді. Кейін Павлодар клубы банкроттық ұшырады, одан былтыр «Шахтер» соңғы орын алды. Сөйтіп, премьер-лигада ұшпаған клуб қалмады.
2024 жылы Павлодар облысының басшылығы «Ертісті» жаңғыртты. Клуб өткен маусымда екінші лигада топ жарды. Енді бірінші лигада атой салуға дайын. Бірақ оған «Шахтердің» де келісе салуы қиын. Маусым аяқталған бетте жұмысқа кірісіп кетті. Клуб басшылығы, бапкерлер штабы ауысты. Жаңа ойыншылар келді.
«Кеншілер бапкерлікке чехиялық маман Иржи Ярошикті шақырған. Футболшы ретінде «Челсидың» сапында Англия чемпионы атанған. Қазақстанда осындай атағы бар жалғыз адам. Дегенмен оған бапкер ретінде сапасы сын көтермейтін стадиондарда ойнайтын команда дайындау керек.
Айтпақшы, бірінші лигада легионер ойыншы алуға болмайды. Бапкер де негізі қазақстандық болуы тиіс. Сондықтан құжат жүзінде Андрей Финонченко бас бапкер ретінде тіркелген. Ал негізі штабқа басшылық қызметті Ярошик атқарады.
«Шахтер» алдымен қақпашы Игорь Шацкийді қайтарып алды. Бір маусымды «Ақтөбе» сапында өткізген Шацкий туған жеріне оралды. Ол тіпті ұлттық құрамадағы орнынан айырылып қалатынын біле тұра бірінші лигада ойнауға келісті. Былтыр «Шахтердің» капитаны қызметін Роджер Каньяс атқарады. Легионерлерге ойнауға рұқсат жоқ, сондықтан ол кетеді.
Ресми түрде қазақстандық ойыншылардан Олжас Керімжанов, Рафаэль Оспанов және Рифат Нурмугамет келді. Бұлардың бәрі премьер-лигада доп теуіп жүргендер. Сосын «Шахтердің» алтын құрамында ойнаған Михаил Габышевте «Елімайдағы» бір маусымнан кейін Қарағандыға оралды. Ол «Шахтер» жейдесіндегі оныншы маусымын өткізбек. Сонымен қатар жақын күндері Юрий Перцух та Қарағандыға келуі мүмкін.
«Шахтердің» премьер-лигадағы былтырғы құрамы мұндай деңгейде болмаған. Қазіргі деңгейімен «Кеншілер» премьер-лигадағы «Оқжетпес», «Тұран», «Ұлытау» командаларынан жоғары екені анық.
«Ертіс» клубының басшылығы да бірінші лигаға ерекше назар аударып отыр. Бас бапкер ретінде Қайрат Нұрдәулетовті шақырды. Кезінде осы командамен ойыншы ретінде екі рет Қазақстан чемпионы атанған Нұрдәулетов бапкер ретінде де жаңа белестерді бағындырғысы келеді.
Ол былтыр Талдықорғанның «Жетісу» клубының тізгінін ұстады. Оның алдында Түркістан облысының «Мақтаарал» командасында жұмыс істеген. Өзімен бірге Павлодарға «Жетісудан» Рауан Орынбасарды, ұлттық құрамаға кандидат Әділхан Добайды ала кетті. Сонымен қатар жақын күндері Дінмұхамед Қараман да қатарға қосылып қалуы ықтимал.
Еркебұлан Нұрғалиев, Максим Федин деген футболшылар да бірінші лигада ойнауы мүмкін. Семей футболының түлегі Нұрғалиев 2023 жылы капитан ретінде «Елімайға» бірінші лигада чемпиондық сыйлаған. Сол кезде ол 16 гол соқты. Былтыр премьер-лигада доп тепті. Ал Максим Федин осыдан 5-6 жыл бұрын еліміздегі болашағынан үміт күтіретін футболшылардың бірі болған. Ал қазір жағдай өзгерген. «Ертіспен» бірінші лигада ойнауға жақын.
«Ертіс» 35 жастағы тәжірибелі қақпашысы Никита Калмыковты қайтармақшы. Былтыр «Жеңіс» сапында қосалқы құрамда отырды.
Павлодар клубы тек ардагерлерді емес, болашағынан үміт күтіретін Темірлан Агиманов есімді 18 жастағы ойыншымен де келісімшарт жасады. 2024 жылы ол «Екібастұзда» ойнап, бірінші лигада 5 гол соққан. Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасына шақырылып жүрді. Жақында Украина қақпасына дубль жасады.
Шымкент футболының түлегі Ғафуржан Сүйімбаев та бір кездері Павлодарда доп тепкен. Енді, міне, 12 жылдан кейін екі дүркін Қазақстанға чемпионы «Ертіске» оралды. Ол ұлттық құрамада 42 матч өткізген.
Бірінші лигада осындай қызықты тартыс күтіп түр.