Вернуться к списку статей

Шымкенттіктердің 32 жыл күткен үміті ақталды. «Ордабасы» - 2023 жылғы чемпион!

Футбол
272

Қазақстан премьер-лигасының аяқталуына бір тур қалғанда чемпион анықталды. Шымкенттің «Ордабасы» клубы алғаш рет ел біріншілігінде топ жарды.

«Ордабасы» (Шымкент) - «Шахтер» (Қарағанды)- 3:1

Голдар: Жаксылықов, 4 (1:0). Умаров, 12 (2:0).Беседин, 27 (3:0). Чогадзе, 46 (3:1).

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Шымкентте «Жігер», «Скиф-Арсенал» («Скиф-Ордабасы»), «Томирис», «Синтез», «Достық» секілді командалар болды. Бірақ ешқайсысына чемпиондық бұйырған жоқ. Енді, міне,«Ордабасц» топ жарып отыр. Соңғы турда Шымкент командасы өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады.

Матчтың алғашқы голын шабуылшы Айбар Жақсылықов баспенсоқты. Арада аз уақыт өтпейШахбоз Умаров есепті еселеді. Ойынның 30 минуты өтпей жатып, Артем Беседин үшінші голды кіргізді.

Екінші таймда қонақтар Чогадзенің есеп айырмасын бір допқа қысқартты. Одан әріге команданың шамасы жеткен жоқ. Қорытынды есе – 3:1.Осылайша «Ордабасы» чемпионат аяқталмай жатып, чемпион атанып үлгерді. Чемпиондық кубокты Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков табыс етті.

12363

«Ордабасы» 2024 жылы УЕФА чемпиондар лигасында өнер көрсететін болады.

«Астана» (Астана) – «Жетісу» (Талдықорған) – 2:1
Голы:
Досмағамбетов, 30 (1:0). Рушевич, 50 (1:1), Айымбетов, 90+6 (2:1).

«Астананың» біріншілікті екінші немесе үшінші орынмен аяқтайтыны соңғы турда анықталады. Әзірге команда екінші орында. Бұл жолы Григорий Бабаян шәкірттері Талдықорғанның «Жетісу» клубын әупірімдер жүріп әзер ұтты. Төреші 7 минут қосып, соңғы 30 секунд қалғанда Абат Айымбетов жеңіс голын соқты. Қонақ команданың бас бапкері Асқар Қожабергенов матчтан кейін бұған қатты ашуланды.

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 1:1

Голдар:Молдақараев, 45+3-пенальтиден (1:0). Шина, 56 (1:1).

Қазақ футболының «Робин Гуды» саналатын «Ақтөбе» тағы да аутсайдер командаға ұпай үлестіріп берді. Бұл жолы Астанада Көкшетаудың «Оқжетпес» клубымен тең тарқасты. Бірінші таймда Жасұлан Молдақараев пенальтиден номиналды алаң иелерін алға шығарса, үзілістен кейін бразилиялық Шина таразы басын теңестірді.

«Оқжетпеске» енді соңғы турда «Мақтааралдан» үш ұпай алу керек. Әйтпесе, премьер-лигамен қош айтысады.

«Мақтаарал» (Атакент) – «Қызылжар» (Петропавл) – 2:1
Голдар:
Тұрсынбай, 10 (1:0). Кәрімов, 57 (2:0). Мульдинов, 84 (2:1)ү

«Мақтаарал» өз кезегінде ешқандай мотивациясы жоқ «Қызылжардан» басым түсті. Әли Әлиев шәкірттері бесінші орынды енді ешкімге бермейді. Сондықтан соңғы турларды тек ойнау тастау керек, басқа мақсат қалмаған. «Мақтааралды» Рамазан Кәрімов сүйреп тұр. Шабуылшы бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

«Тобыл» (Қостанай) «Каспий» (Ақтау) 1:1
Голы:
Иванович, 25 (1:0). Усенов, 90+1 (1:1).
Алаңнан қуылды: Жарынбетов, 69

Маусым соңында Қазақстанның кейбір командалары тек ойнап тастауды ойлап жүреді. Солардың бірі – Қостанайдың «Тобылы». Олар 4 қарашада Қазақстан кубогының финалында өнер көрсетеді. Сондықтан премьер-лиганың кейінгі турларына аса мән беріп жүрген жоқ. Команда бұл жолы соңғы орындағы «Каспиймен» тең түсті.

«Қайрат» (Алматы) – «Ақсу» (Павлодар) – 4:1
Голдар:
Жоао Пауло, 9 (1:0). Шушеначев, 41 (2:0). Сергеев, 74 (3:0). Труфанов, 90 (4:0). Әбіл, 90+5 (4:1).

Алматының «Қайраты» өз алаңындағы соңғы ойынын сәтті өткізді. Бірнеше гол соғып, жанкүйерлерін қуантты. Жоао Пауло осы маусымның үздік сұрмергені атанды десек болады.

Бұл жолы Алматыға Павлодардың «Ақсу» клубы келген. Есеп – 4:1. Қонақтар сапынан жалғыз голды 17 жастағы Ілияс Әбіл салды. Талантты жас футболшыдан көп үміт күтіледі.

Қызылордадағы ойынды өз көзімізбен көрдік. Ауа-райы бұзылып, біраз кедергісін келтірді.

Егер команда турнир кестесінде көршілес орналасқан. Сондықтан өзара тартысты ойын болды. «Атырау» осы матч қарсаңында Астанада бір апталық оқу-жаттығу жиындарын өткізген. Дегенмен, Виктор Кумыков бұл ойында тактикалық тұрғыда басым түсті. «Қайсар» футболшылары қорғаныста сауатты ойнап, екінші таймның бір мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды. Қорытынды есеп – 1:0.

Сөйтіп, «Қайсар» алтыншы орынға көтерілді. Команда соңғы турда «Қызылжарға» қонаққа барады.


Турнир кестесі

Команда

О

Ж

Т

Ж

Д-а

Ұпай

1

«Ордабасы»

25

18

4

3

48-20

58

2

«Астана»

25

16

4

5

35-23

52

3

«Ақтөбе»

25

13

10

2

42-21

48

4

«Қайрат»

25

12

7

6

44-32

43

5

«Қызылжар»

25

11

6

8

25-22

39

6

«Қайсар»

25

9

6

10

30-30

33

7

«Атырау»

25

8

9

8

24-27

33

8

«Тобыл»

25

8

7

10

26-33

31

9

«Мақтаарал»

25

8

4

13

28-31

28

10

«Шахтер»

25

7

7

11

30-35

28

11

«Жетісу»

25

8

4

13

25-36

28

12

«Оқжетпес»

25

7

5

13

25-36

26

13

«Ақсу»

25

5

3

17

23-42

18

14

«Каспий»

25

3

8

14

27-44

17

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика