Айта кетейік, Шавкат Рахмонов желтоқсанда чемпиондық титул үшін Белал Мохаммедпен төбелесуі керек болған. Алайда, америкалық файтер жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда жарақат алғанын айтып, кездесу кейінге шегерілді.
Екеуі бұған дейін көз арбасу өткізді. Іс-шарада Шавкат қарсыласын итеріп жіберді. Ал Иэн болса бұл әрекетті қазақстандықтың миына кіріп алғанымен түсіндірді.
«Мен оның миына кірдім! Шавкат әдетте бұлай эмоциясын көрсетпейді. Бірақ мынадай деңгейде адреналин сенің мінез-құлқыңа тікелей әсер етуі мүмкін.
Бір-бірімізге жақын тұруға мүмкіндік беруін сұрадым. Арамызда құрмет бар екенін айттым. Бірақ ол басымен мені итере бастады. Жарайды, көрейік дедім, әйтпесе мен бұл жерге баспен тіресу үшін емес, сенімен ертеңгі айқас үшін келгенмін.

Ол сонда да қоймады. «Менің аумағымнан көзіңді құрт» дедім. Қазір төбелескің келіп тұр ма? Жақсы, кел! Мен ешкімнен, әлемдегі ешбір еркектен қорықпаймын. Қазір төбелесейік! Ал ол үре бастады. Мен оның басындамын! Ертең кешке, Шавкат, шоу көрсетейік, балақай! Мен мына бүкіл әлемнен күш аламын, мен дайынмын! Асыға күтіп отырмын. Ертең нөліңнен айырыласың, ал мен жеңіліссіз сериямды жалғастырамын. Нөмірі бірінші үміткер боламын! Ертең нокаутқа түсесің», - деді Гэрри.
UFC-де бұрын өнер көрсеткен америкалық танымал файтер Чейл Соннен қазақ Шавкат Рахмонов туралы пікірін айтты.
«Рахмонов деген аты ма, тегі ме, әлде лақап аты ма, адамдар мұны білмейді. Айтпағым, бұл жігіт туралы ештеңе білмейміз, себебі ол сұхбат бермейді. Дегенмен, бұл жігіт қатарынан 18 қарсыласының көзін жойды! 18 жекпе-жек — 18 финиш. Құдды халық шығармашылығы секілді. Кішкентай кезімде, осыдан 100 жыл бұрын осыған ұқсас нәтиже тіркеген адам жайлы естігенмін. Аңыздағы батырлар секілді дегенім ғой. Бұл жігіттің бойында шынымен бір қасиет бар», — деді Соннен өзінің ютуб-каналында.
Ирландиялық файтер Иэн Гэрри қазақстандық Шавкат Рахмоновпен болатын жекпе-жек алдында оны мазақ қылды.
Гэрри өзінің Instagram-парақшасына бетпе-бет кездесу рәсімінен фото жүктеп, Шавкаттың басы тым үлкен екенін айтқан.
Гэрри өзінің Instagram-парақшасына бетпе-бет кездесу рәсімінен фото жүктеп, Шавкаттың басы тым үлкен екенін айтқан.
«Мынадай үлкен басқа соққыларды оңай тигізуге болады», - деп жазды ирландиялық файтер.
Шавкаттың сөзінше, Гэрридің соққысы мығым, әрі қарсыласына қарсы тез бейімделе алады.
«Әрине, спарринг пен нағыз айқастың айырмашылығы үлкен. Иэн де, мен де спарринг кезінде өзімізді 100 пайыз көрсеткен жоқпыз. Иэн – мықты жауынгер, соққысы мығым, бірақ төбелесте мен оны алып қоямын. Оның артық тұсы – оның кез келген қарсыластың тактикасына бейімделе алатындығында. Гэрридің қашықтықты сақтап жүріп төбелесетіні бар. Бірақ айқас кезінде оның осал тұстарын табамын», - деді Шавкат.
Рахмонов Белал Мухаммадпен жекпе-жек туралы әзірге ойламайтынын, басты назары ирландиялықта екенін тілге тиек етті.
«Чемпионның аты – чемпион. Бірақ Гэрриді де, Белалды да ұтатын кілт табатыныма сенімдімін. Екеуміздің қай жеңгеніміз Белалмен төбелесетініне күмәнім жоқ. Усман – Маддалена айқасы біздің алдымызды орап кетеді деп ойламаймын. Камарудың титулды жарысқа қатысуға мүмкіндігі болған, алайда ол одан айырылып қалды. Белал екеуміздің жекпе-жегіміз туралы ойланып жүрген жоқпын. Алдымен Гэрриді жеңуім керек. Белал ешқайда қашпайды, өзінің мәселелерін шешіп алсын. Сонан соң UFС-мен бірігіп әрі қарай қалай жүретінімізді анықтаймыз», - деді ол.