Вернуться к списку статей

Сербиядағы турнирде қазақ боксшылары 4 салмақта топ жарды

Бокс
2K

Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті жетті.

Бұған дейін ел намысын қорғаған 12 боксшының сегізі финалға шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз. Ақтық сында олардың төртеуі жеңіп, төртеуі жеңілді. Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

«Belgrade winner» турнирінде жүлде алған қазақ боксшылары:

I орын

  • Ернұр Қайрат (48 кг)
  • Санжар Тәшкенбай (51 кг)
  • Дәулет Молдашев (54 кг)
  • Диас Молжігітов (75 кг)

II орын

  • Сабыржан Аққалықов (71 кг)
  • Ерасыл Жақпеков (80 кг)
  • Данияр Рахымбердинов (92 кг)
  • Олжас Боқаев (+92 кг)

Айта кетейік, аталған турнирге әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысты.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика