Жеңіл салмақта (61,2 кг) жұдырықтасатын жерлесіміз Алматыдағы бокс кешінде ресейлік Магомедрасул Омаровпен қолғап түйістіріп, қарсыласын 2-раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді.
Жерлесімізді жеңісімен құттықтай отырып, кішігірім сұхбатқа да тартқан едік. Оның айтуынша, ол қарсыласын жан-жақты зерттеген.
Жеңістің бәрі Алланың арқасында, жеңіске жеткеніме қуанышытымын. Жалпы жекпе-жек жақсы болды, қарсыласым да осал болмады. Бірақ оны барынша зерттеп, дайындалдық. Сондықтан қарама-қарсы жасауға болатын соққылар әзірледік. Соның бәрі жүзеге асты. Жалпы жекпе-жекті тез аяқтаймыз деген де ой болды. Жоспарымызда техникалық нокаутқа жібереміз деп ойластырған едік. Сөйтіп қойған жоспарымыз сәтті орындалды, - дейді боксшы.
Сондай-ақ Саматәлі жекпе-жек форматы мен болашағы туралы айтты.
Осыған дейін 6 раундық кездесулер өткіздім. Бұл жолы 4 раундық жекпе-жек берді. Жалпы барлығына кез келген форматқа дайынмын, 6,8,10 раундар берсе де шыға беремін. Негізі физикалық тұрғыдан дайынмын. Сондай-ақ мені қолдап келген жанкүйерлерге барынша алғыс айтамын, - деді Саматәлі.