Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Словения «Копер» командасы сапындағы алғашқы голын соқты.
Словения чемпионатының 13-турының матчында «Копер» «Браво» клубымен кездесті. Бұл ойынның 33-минутында Оразов мергендік танытты. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Рамазан Словения біріншілігінде сегізінші матчын өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Оразов «Коперге» «Тобылдан» биылғы тамыз айында ауысқан еді.