Вернуться к списку статей

Премьер-лигада жаңа чемпион. «Ордабасыға» топ жаруға бір ұпай қалды

Футбол
189

Қазақстан премьер-лигасының 24-туры аяқталды. Елорданың «Астана» клубы жеңіліп, Шымкенттің «Ордабасы» командасы бес минутсыз чемпион болуға жақындады.

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Астана» (Астана) – 2:0

Голдар: Қасым, 20-пенальтиден (1:0). Шина, 77 (2:0).

Осы турдың орталық ойыны Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтті. Алаң иелері былтырғы чемпион «Астананы қабылдады. Егер қонақтар жеңіске жеткенде чемпиондық соңғы турға дейін сақталар еді. Бірақ «Ақтөбе» Бабаян шәкірттерін тоқтатты. Шыны керек, «Ақтөбе» қазір қазақ футболының «Робин Гуды» болып тұр. Өйткені көшбасындағы командаларды жеңіп, аутсайдерлерге ұпай ұстатып жүр. Мысалы, осы«Астананы» екі матчта да жеңді. «Ордабасымен» сырт алаңда тең түсіп, өз жерінде үш ұпай еншіледі. «Тобылмен» де екі матчта тең түсті. Есесіне, «Ақсу», «Мақтаарал», «Атырау» сияқты командалармен ойында ұпай жоғалтады. Соның салдарынан чемпиондыққа таласа алмады. Енді тек екінші орынға үміттеніп көреді.

«Жетісу» (Талдықорған) – «Ордабасы» (Шымкент) 1:2

Голдар:Беседин, 55 (0:1). Ерланов, 63 (0:2). Әмірсейітов, 79 (1:2).

«Ордабасы» осы жолы жинақтала алды. Бұған дейін «Ақтөбе» және «Астана» командаларымен маңызды матчта жеңіліп қалған. Содан кейін жанкүйерлері алаңдаушылық таныта бастаған болатын. Енді бәрінің көңілдері орнына түсті. Александр Седнев шәкірттері Талдықорғандағы ойында аса қиналмай, үш ұпай еншіледі. Есепті украиналық шабуылшы Артем Беседин ашты. Сосын Темірлан Ерланов жеңіс голын соқты. Алаң иелері бар-жоғы бір доппен жауап қайтара алды. Қорытынды есеп –1:2.

Енді Шымкент командасы өз алаңында Қарағандының «Шахтерімен» тең түссе, чемпиондықты тойлайды.э

«Шахтер» (Қарағанды) – «Тобыл» (Қостанай) – 2:1

Голдар: Мркаич, 25 (0:1). Абдулла, 46 (1:1). Свиридов, 79 (2:1).

Алаңнан қуылды: Толордава, 57. Габараев, 57.

«Шахтер» премьер-лигадағы орнын сақтап қалды. Команда өз алаңында камбэк жасап, «Тобылды» жеңді. Сөйтіп, келесі маусымда тағы да үздіктер қатарында ойнайды. Жалпы, Қарағанды клубы тәуелсіздік жылдары премьер-лиганың барлық маусымына қатысқан жалғыз команда.

Осы ойында жеңіс голды Иван Свиридов соқты. Жақында ұлттық құрамаға шақырту алған футболшы.

«Ақсу» (Павлодар) – «Қайсар» (Қызылорда) – 2:0

Голдар: Кобзарь, 18 (1:0). Қараман, 59 (2:0).

Маусым соңында әдеттегідей түсініксіз матчтар басталады. Өйткені «Қайсар» жүлдеге қол соза алмайтынын және төмен де түспейтінін де жақсы біледі. Сондықтан болар Павлодарға үш ұпай ұстата салу үшін келгендей көрінді. Вахид Масудовты бір қуантып, «Ақсу» үш ұпайға ие болды. Бірақ соның өзі команданың премьер-лигада қалуына жетпеді. Осылайша, «Ақсу» ресми түрде бірінші лигаға сырғыды.

«Қызылжар» (Петропавл) – «Оқжетпес» (Көкшетау) – 1:2

Голдар: Драченко, 27 (0:1). Молдақараев, 40 (0:2). Имнадзе, 59 (1:2).

Тағы бір күмәнді ойын. Өйткені «Қызылжар» үштікке ене алмайтынын жақсы біледі. Команда үшін төртінші немесе бесінші орын алудың аса қатты айырмашылығы жоқ. Ал «Оқжетпеске» дәл қазір әрбір ұпай ауадай қажет. Осы матчта алаң иелерінің қақпашысы Роман Степанов екінші голды өзі сыйлады. Сондықтан жанкүйерлердің мұндай матчтарға күмәндануға қақысы бар.

Енді «Оқжетпес» пен «Мақтааралдың» біреуі «Ақсу» мен «Каспийдің» ізін қуып, бірінші лигаға түседі. Соңғы матчтарда қайсысы көбірек ұпай жинайды, сол келесі жылы жоғары топта ойнайды.

«Атырау» (Атырау) – «Мақтаарал» (Атакент) – 2:0

Голдар: Нойок, 15-пенальтиден (1:0). Эффионг, 37 (2:0).

Алаңнан қуылды: Сағынаев, 77. Пайруз, 82.

Қайрат Нұрдәулетов тізгін ұстағалы «Мақтааралдың» дәл осындай қауқарсыз ойынын көрген емес едік. Осы жолы «Атырауға» ештеңе істей алмады. Бірінші таймда қақпасына екі гол жіберсе, екінші таймда екі футболшысы алаңнан қуылды.

«Каспий» (Ақтау) – «Қайрат» (Алматы) – 1:1

Голдар: Таипи, 30 (1:0). Швырев, 71 (1:1).

Ақтау командасы премьер-лигамен қоштасатынын алдын-ала білді. Соған қарамастан Алматы клубына әжептәуір қарсылық көрсетті. Бірінші таймда Шкиприм Таипи есеп ашып, алаң иелерін алға шығарған. Үзілістен кейін Вячеслав Швырев таразы басын теңестірді. Осы есеп ойын соңына дейін сақталып қалды.

«Қайрат» төртінші орынға көтерілді. Ал «Каспий» келесі маусымда бірінші лигада ойнайды.

Турнир кестесі

Команда

О

Ж

Т

Ж

Д-а

Ұпай

1

«Ордабасы»

24

17

4

3

45-19

55

2

«Астана»

24

15

4

5

33-22

49

3

«Ақтөбе»

24

13

9

2

41-20

48

4

«Қайрат»

24

11

7

6

40-31

40

5

«Қызылжар»

24

11

6

7

24-20

39

6

«Атырау»

24

8

9

7

24-26

33

7

«Қайсар»

24

8

6

10

29-30

30

8

«Тобыл»

23

8

5

10

24-31

29

9

«Шахтер»

24

7

7

10

29-32

28

10

«Жетісу»

24

8

4

12

24-34

28

11

«Оқжетпес»

24

7

4

13

24-35

25

12

«Мақтаарал»

23

7

3

13

25-29

24

13

«Ақсу»

24

5

3

16

22-38

18

14

«Каспий»

24

3

7

14

26-43

15

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика