Вернуться к списку статей

Осымен бәрі бітті. «Қайрат» тағы «Төртеудің финалынан» тыс қалды

Футзал
331

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық раудының В тобындағы топтық кезең Косовоның Приштина қаласында өткен. Өкінішке қарай, Алматының «Қайраты» топтан әрі аса алмай, «Төртеудің финалынан» тыс қалды.

Мұндай сәтсіздік үшінші жыл қатарынан жалғасып отыр. Соңғы турдағы ойынның турнирлік кестеде мәнісі болған жоқ. Барлық мәселе «Бенфикамен» кездесуде шешіліп қойды

«Қайрат» Словенияның «Добовец» клубын 7:0 есебімен жеңсе, «Бенфика» топтық ойынды қабылдаған Косовоның «Приштина» 10:1 есебімен аямады. Бұл топтағы негізгі тартыс «Қайрат» пен «Бенфика» екеуінің арасында өрбіді. Қалған матчтардың аса маңызы бола қойған жоқ.

Сөйтіп, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы сәтсіздігі тағы бір маусымға ұласты. Соңғы рет «Төртеудің финалына» 2020/21 жылғы маусымда өткен. Жалпы, Алматы командасы шешуші кезеңде 9 рет өнер көрсеткен. Екі мәрте чемпион атанған.

Элиталық раунд. B тобы(Приштина, Косово)

3-тур, 2 желтоқсан.

«Добовец» (Словения) – «Қайрат» (Қазақстан) – 0:7
Голдар: Дасаев, 3-автогол (0:1). Кайо, 15 (0:2). Дуглас, 19 (0:3). Алекс, 22 (0:4). Оразов, 23 (0:5). Ақбалықов, 28 (0:6). Алекс, 40 (0:7).

«Добовец»: Печек (в) (к), Чех, Кнежевич, Душчак, Канюх – Прийол (в), Цесарец, Пихлер, Дасаев, Смилянец, Д. Пасаричек, П. Пасаричек, Едвай
«Қайрат» (Алматы): Деннис (қ), Эдсон, Диего, Тұрсағұлов, Дуглас – Игита (в) (к), Денер, Ақбалықов, Педро, Оразов, Кайо, Игор, Алекс, Алиссон
Төрешілер: Пелиссье (Франция), Маткович (Швейцария)
***
«Приштина» (Косово) – «Бенфика» (Португалия) – 1:10
Голдар: Афонсу, 7 (0:1). Нунес, 10 (0:2). Афонсу, 14 (0:3). Маджаррай, 22 (1:3). Жакаре, 23 (1:4). Силвестре, 25 (1:5). Синтра, 26 (1:6). Силвестре, 27 (1:7). Нунес, 33 (1:8). Соуза, 38 (1:9). Коэлью, 40 (1:10).

Жалпы, «Төртеудің финалына» Испанияның «Барса», «Пальма», Португалияның «Спортинг» және «Бенфика» клубтары өтті.


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика