Вернуться к списку статей

Қазандағы фиаско. «Барыстың» кезекті жеңілісі

Хоккей
281

Кейде осы «Барыстың» Құрлықтық хоккей лигасынан шыға салу керек пе деген ойға қаласың. Бәрібір бітіріп жатқандары шамалы. Тіпті, үш шайбамен ұтып жатып жеңіле салу да Астана командасына тән екен. Бұл жағдай кеше Қазанда болды.

«Татнефть Аренадағы» ойында бірден алғашқы минутта Понтус Оберг есеп ашқан. Сосын Джозеф Лабейт 6-минутта екінші шайбаны кіргізсе, Давид Скленичка 14-минутта мергендік танытты. Үзіліске дейін айдын иелерінен Дмитрий Яшкин есеп айырмасын бір голға қысқартты. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша есеп – 1:3 «Барыстың» пайдасына.

Екінші 20-минуттықта «Ак Барс» сапынан Дмитрий Юдин көзге түсті. Бұл кезде әлі үмітіміз үзілген.

Енді шешуші үшінші кезеңде нағыз фиаско болды. Қарсылас қатарынан үш шайба салып, жеңісті жұлып алды. Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері тістерін шайнап қалғаннан басқа ештеңе бітірген жоқ. Тіпті, овертаймға жетпедік.

Жалпы, «Барыстың» тарихында мұндай сәтсіздіктер бірінші рет емес. Алысқа бармай-ақ биылғы маусымды алайық. 4 қыркүйекте «Сибирь» командасын 3:1 есебімен жеңіп тұрып, овертаймда 4:5 есебімен ұтылған. Мәскеудің «Динамосымен» де соған ұқсас жағдай болды (3:1 есебімен жеңіп тұрып, 3:4 есебімен ұтылды). «Металлургпен» де солай (2:0, 3:4).

«Ак Барс» (Қазан, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 5:3
Голдар:

0:1 – Оберг (Ножье) 00:41
0:2 – Лабейт 06:38
0:3 – Скленичка (Оберг) 14:05
1:3 – Яшкин (Радулов) 16:45
2:3 – Юдин (Семёнов) 25:12
3:3 – Яшкин (Шипачёв, Лямкин) 40:57
4:3 – Юдин (Семёнов, Журавлёв) 42:35
5:3 – Кателевский (Лямкин) 54:28
Қақпашылар: Ахтямов (Билялов) – Шутов

Енді «Барыс» 7 қарашада елордада «Ак Барс» командасына қарсы тағы бір ойын өткізеді.


Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика