Вернуться к списку статей

Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

Футбол
3K

Футболдан Қазақстан кубогының алғашқы екі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Жалпы, биыл Қазақстан кубогына 32 клуб күш сынасады. Олардың 19-ы бірінші іріктеу кезеңінде алты топқа бөлінеді. Одан кейін А-В, С-D, Е-F топтарының жеңімпаз атанған клубтары екінші кезеңге берілетін үш жолдаманы сарапқа салады.

14 команда

А тобы: «Оқжетпес», «Хан тәңірі», «Ертіс», AKAS.

B тобы: «Ақжайық», «Оңтүстік академиясы», «Алтай».

15 команда

С тобы: «Тараз», «Түркістан», «Екібастұз».

D тобы: «Каспий», «Жас-Кыран», «Арыс».

16 команда

E тобы: «Мақтарал», «SD Family», «Ұлытау».

F тобы: «Аксу», «Қыран», «Жетісай».

Алдын ала іріктеу кезеңі 1-19 наурыз аралығында өткізілсе, 21-23 наурызда алдын ала іріктеу кезеңі плей-офф сатысы болады.

Екінші кезеңде Премьер-лиганың 13 командасы мен алдын ала іріктеу кезеңінде үздік шыққан 3 ұжым өзара жұп құрайды.

1/8 финалдағы жұптар:

«Қайсар» - «Тобыл»

«Жеңіс» - «Астана»

«Атырау» - 16 команда

«Қайрат» - «Тұран»

15 команда - «Ордабасы»

«Ақтөбе» - «Жетісу»

«Елімай» - «Шахтер»

14 команда - «Қызылжар»

Қазақстан кубогының 1/8 финалы 13-14 сәуірде болса, 8 мамырда 1/4 финал болады.

Ал 1/2 финал 29 мамыр мен 19 маусымда өткізілсе, финал 29 қыркүйекке белгіленген.

Қазақстан кубогының кестесі:
Алдын ала кезең:

«А» тобы
1 тур – 11 наурыз
12:00 «Ертіс» - «Хан-Тәңірі»
16:00 «Оқжетпес» - «AKAS»

2 тур - 14 наурыз
12:00 «Хан-Тәңірі» - «AKAS»
16:00 «Ертіс» - «Оқжетпес»

3 тур - 17 наурыз
12:00 «AKAS» - «Ертіс»
12:00 «Оқжетпес» - «Хан-Тәңірі»

«В» тобы
1 тур - 11 наурыз
14:00 «Ақжайык» - «Оңтүстік»

2 тур - 14 наурыз
14:00 «Оңтүстік» - «Алтай»

3 тур - 17 наурыз
16:00 «Алтай» - «Ақжайык»

«С» тобы
1 тур - 12 наурыз
13:00 «Тараз» - «Екібастұз»

2 тур - 15 наурыз
13:00 «Екібастұз» - «Түркістан»

3 тур - 18 наурыз
13:00 «Түркістан» - «Тараз»

«D» тобы
1 тур - 12 наурыз
16:00 «Каспий» - «Жас-Қыран»

2 тур - 15 наурыз
16:00 «Жас-Қыран» - «Арыс»

3 тур - 18 наурыз
16:00 «Арыс» - «Каспий»

«E» тобы
1 тур - 13 наурыз
13:00 «SD Family» - «Ұлытау»

2 тур - 16 наурыз
13:00 «Ұлытау» - «Мақтаарал»

3 тур - 19 наурыз
13:00 «Мақтаарал» - «SD Family»

«F» тобы
1 тур - 13 наурыз
16:00 «Ақсу» - «Жетісай»

2 тур - 16 наурыз
16:00 «Жетісай» - «Қыран»

3 тур - 19 наурыз
16:00 «Қыран» - «Ақсу»

Алдын ала кезең (плей-офф):

21 наурыз, 15:00 - «А» және «В» топтарының жеңімпаздары кездеседі.
22 наурыз, 15:00 - «С» және «D» топтарының жеңімпаздары кездеседі.
23 наурыз, 15:00 - «E» және «F» топтарының жеңімпаздары кездеседі.

1/8 финал (13-14 сәуір):

«Қайсар» - «Тобыл»
«Жеңіс» - «Астана»
«Атырау» - «E» және «F» топтарының жеңімпаздары арасындағы ойында жеңіске жеткен клуб
«Қайрат» - «Тұран»
«С» және «D» топтарының жеңімпаздары арасындағы ойында жеңіске жеткен клуб - «Ордабасы»
«Ақтөбе» - «Жетісу»
«Елімай» - «Шахтер»
«А» және «В» топтарының жеңімпаздары арасындағы ойында жеңіске жеткен клуб - «Қызылжар»

Ширек финал ойындары 8 мамыр, ал жартылай финал 29 мамыр мен 19 маусымда өтеді. QFL Қазақстан кубогының жеңімпазы 29 қыркүйекте анықталады.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика