Вернуться к списку статей

Италияда жүрген Денис Черышев енді «Тобылға» келеді

Футбол
101

Қостанайдың «Тобыл» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Испанияда өскен ресейлік Денис Черышевті қатарларына қоспақ.

Ол қазіргі кезде Италия В Сериясындағы «Венеция» клубында ойнайды. Енді «Тобыл» жаңа маусымда тапсырмаларын шешуге Денис Черышев сияқты футболшы қажет деп отыр. Команда биыл премьер-лигада топ жарып, еурокубоктың топтық кезеңіне шығуды армандайды.

33 жастағы жартылай қорғаушының келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымында аяқталады. Бірақ Черышев осы қыста келісімшартты үзіп, «Тобыл» сапына еркін агент ретінде қосылмақшы.

Футболшы Италияда ресейлік төлқұжатпен жүргеннен қиналған жоқпын деп отыр. Оған қатысты нақты бірдеңе айту қиын.

«Италияда барлығы маған мейірімділікпен қарайды.Әрине, кейбіреулер Ресейде не болып жатқанын сұрайды.Бірақ ондай шеттетуді байқамадым. Осындай көзқарастары үшін барлығына ризамын. Венеция – ерекше қала. Бұрын болмағандарға осында келуге кеңес беремін. Көлік, велосипед, мотоциклдер де жоқ, тек кемелер мен қайықтар бар», - дейді Черышев РИА Новостиге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Денис Черышев Мадридтің «Реал» клубының түлегі. Ол академияға 12 жасында келіп, 2023 жылға дейін әр түрлі жастағы құрамаларында ойнаған. Ал 2012/13 жылғы маусымда негізгі команда сапында алаңға шығып, 7 ойынға қатысты.

«Реал» Черышевті үш рет өзге клубтарға жалға берді. Атап айтсақ, «Севилья», «Вильярреал», «Валенсия» клубтарында ойнады. Тек 2018 жылы «Валенсия» түпкілікті түрде 6 миллион еуроға сатып алды.

2022 жылы Денис еркін агент ретінде «Венеция» клубына ауысты. Осыған дейін 33 матчқа қатысып, 4 гол соқты. Сонымен қатар екі нәтижелі пасы бар.

Ал жалпы карьерасында 365 ойында 49 гол соққан. Ал нәтижелі пастарының саны – 41. Ол «Реал» сапында УЕФА Чемпиондар лигасында топ жарды. «Севильямен» Еуропа лигасында жеңіске жетті.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика