Вернуться к списку статей

Хуанчжоудағы қарқынымызды қалай бағалаймыз?

Азиада-2023
362
фото авторы: Сали Сабиров

Қытайдың Хуанчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстаннан бұл сынға 524 атлет барды. Отандастарымыз 30 спорт түрінен сайысқа түсті. Осымен сегізінші рет жолымыз түскен жазғы Азия ойындарынан бұл жолы 80 медальмен оралдық.

Әрине, командалық есепті түзген кезде бірінші алтын санайды. Бұл жағынан Қазақстан кемшін түсті. 1994 жылдан бері қатысып жүрген Азия ойындарында топ жарып спорт түрлерінің біразынан бұл жолы күміс пен қоланы қанағат тұттық.

Мысалы, боксқа тоқталсақ, 1994 жылы Хиросмиада екі алтын болыпты. Одан кейін Бангкокта (1998 жылы) үш, Пусанда (2002) екі, Дохада (2006) бір, Гуанжоуда (2010), Инчхонда (2014) алты алған едік. Соңғы екі Азия ойындарында бірде-бір боксшымыз топ жарған жоқ. Иә, Асланбек Шымбергеновтің жеңісін жартылай финалда төрешілер ұрлады. Бірақ екі бірдей құрлық ойындарында чемпион шықпау ойландыру керек секілді... Өйткені 2018 жылы Джакартадағы сәтсіздіктен кейін Токио Олимпиадасында да алтынсыз қалған болатынбыз.

Күрес түрлерінен де соңғы рет алтынды 2014 жылы Нұрмұхан Тінәлиев сыйлаған. Бұл жолы грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет, әйелдер күресінен Жәмилә Бақбергенова финалға дейін жетті. Ал еркін күрестен мүлдем жүлде жоқ. Осы ретте Мейіржан мен Жәмиләға ешкімнің реніші болмауы тиіс деп санаймыз.

Алғашқысы, былтыр Үндістанның Дели қаласында көзіне ота жасатқан еді. Оған командамен баскетбол ойнап жүргенде көзіне байқаусызда басқа ойыншының қолы кіріп кеткен. Осының салдарынан, спортшының көзінің көруі нашарлаған. Тіпті, көзі 70 пайызға дейін көрмей қалған.

Ал Жәмилә Белградтағы әлем чемпионатынан кейін бірден Азия ойындарына келді. Жаңа салмақта өнер көрсетті. Соған қарамастан барған жерінен жүлдесіз қайтқан емес.

Байдарка және каноэ деген спорт түрі бар. Байдарка – жіңішке әрі жеңіл жарыс қайығы. Негізінен, спортшының қол күші арқылы қозғалады.

Каноэ – оның байдаркадан айырмашылығы мұнда жүзуші қайықты бір тізерлеп тұрып, бір жақты ескекпен жүргізеді.

Байдарка және каноэ есу спорты Олимпиада ойындарына 1936 жылы енгізілген.

Байдарканың халықаралық атауы қысқартылып «К» әрпімен белгіленеді. Оның мынадай түрлері бар:

K-1 200 м (бір кісілік), ерлер

К-2 200 м (екі кісілік), ерлер

К-1 1000 м (бір кісілік), ерлер

К-2 1000 м (екі кісілік), ерлер

К-4 1000 м (төрт кісілік), ерлер

К-1 200 м (бір кісілік), әйелдер

К-1 500 м (бір кісілік), әйелдер

К-2 500 м (екі кісілік), әйелдер

к-4 500 м (төрт кісілік), әйелдер

Каноэ болса, халықаралық атауы қысқартылып «С» әрпімен белгіленеді. Оның мынадай түрлері бар:

C-1 1000 м (бір кісілік,салмағы 16 келі, ұзындығы 520 см)

C-1 200 м ( бір кісілік, 16 келі, 520 см)

C-2 1000 м (екі кісілік 20 келі,650 см).

Инчхонда 2014 жылы осының бес түрінен алтын алғанбыз. Джакартада 2018 жылы екеуіне қол жеткізді.Бұл жолы біреуге дейін азайып кетті. Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 метрге каноэ есуден алдарына жан салған жоқ.

Велоспорттан әр кезеңде бір үздік спортшымыз шығып тұрады. 2000 жылдардың басында Александр Винокуров, одан кейін Алексей Луценко қазір оған талдықорғандық жас шабондоз Евгений Федоров қосылды. «Астана» командасының арқасында Қазақстан әзірге Азия құрлығында теңдесіз. Бұл жолы жекелей де, топтық бәсекеде де алтынды алдық. Тағы бір жылылық сыйлаған сәт, Луценконың топтық жарыста інісі Федоровқа өзі жол беруі болды.

Жеңіл атлетикадан қарқынымыз бәсеңдеген. Бұған дейін Азия ойындарында «спорт падишасы» саналатын спорт түрінен мүлдем алтынсыз қайтпаған едік. Осы жолы төрт қоламен шектелдік. Кения әкелген легионерлеріміз де көңілден шықпады.

Талай жыл допингтің шырмауына ілігіп, ауыр атлетикадан да артта қалыппыз. Әйтпесе, бұрынғы жылдары жүлде әперетін спорттың бірі осы еді. Жалғыз Александр Уваровтың (81 келі) қоласын қанағат еттік.

Бізді қуантқан каратэ шеберлері, джи-джиу, велоспорт, стенд атушылар болды. Енді 2026 жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарында көш басына шығу үшін ойланатын, күрделі шешім қабылдайтын спорт түрлері көп.


Жанкүйерлерге Үндістан (28 алтын), Өзбекстан (22), Бахрейн (19), Иран (13) және Тайпейдің (12) озып кеткені ұнамағаны белгілі.

Азия ойындарында жүлде салған қазақстандық спортшылар:

Алтын:

Зоя Кравченко, Әсем Орынбай, Ольга Панарина (әйелдер арасында стендтік атудың скит бағдарламасы, командалық жарыс);

Зухра Ирназарова – 10 метрге жылжымалы нысана көздеу;

Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко – стенд атудан аралас командалық сайыс;

Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров – 500 метрге каноэ есуден жұптық сайыс;

Алексей Луценко – велоспорт, жекелей жарыс;

Евгений Федоров – велоспорт, командалық жарыс;

Нұржан Батырбеков – джи-джитсу, ерлер, 69 келі;

Нұрқанат Әжіқанов – каратэ, ерлер 75 келі;

Қайсар Алпысбай – каратэ, ерлер, 60 келі;

Софья Берульцева – каратэ, әйелдер, +68 келі.

Күміс:

Абиба Әбужақынова – дзюдо, 48 келі;

Бахтияр Ибраев, Андрей Худяков, Асадбек Назиркуляев –10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға көздеуден командалық сайыс;

Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай – семсерлесу, ерлер арасындағы командалық сайыс;

Фатима Ирназарова, Зухра Ирназарова, Александра Садуакасова – 10 метрге жылжымалы нысана көздеуден командалық сайыс;

Бекәділ Шаймерденов – кураш, ерлер, 81 келі;

Мария Бровкова, Руфина Искакова– 500 метрге жұптық каноэ есу;

Ирина Подойникова, Ольга Шмелева – 500 метрге жұптық байдарка есу;

Тимофей Емельянов, Сергей Емельянов– 1000 метрге жұптық каноэ есу;

Маргарита Торлопова, Ульяна Киселева –200 метрге жұптық каноэ есу;

Данил Мусабаев – ерлер арасында батутқа секіру;

Мейіржан Шермаханбет – грек-рим күресі, 67 келі;

Алексей Луценко – велоспорт, топтық бәсеке;

Лаура Әліқұл – каратэ, әйелдер, 68 келі;

Карина Ибрагимова – бокс, әйелдер, 57 келі;

Қамшыбек Қоңқабаев – бокс, ерлер, +92 келі;

Галина Дуванова – джиу-джитсу, әйелдер, 57 келі;

Жәмилә Бақбергенова әйелдер күресі, 76 келі;

Эльжана Таниева, Милана Парфилова, Эрика Жайлауова – көркем гимнастика, командалық сайыс;

Анастасия Ананьева – слаломда ескек есу;

Данияр Юлдашев – каратэ, ерлер, 84 келі;

Эльжана Таниева – көркем гимнастика;

Мөлдир Жаңбырбай – каратэ, әйелдер, 50 келі;

Қола медаль

Мағжан Шамшадин – дзюдо, ерлер, 60 келі;

Абылайхан Жұбаназар – дзюдо, ерлер, 81 келі;

Нұрлыхан Шархан – дзюдо, ерлер, 100 келі;

Эсмигул Куюлова – дзюдо, ерлер, 63 келі;

Никита Чирюкин – нысана көздеу, ерлер, 25 метр;

Эльмир Әлімжанов – семсерлесу;

Ислам Сатпаев, Александра Ле – 10 метрден қозғалмалы нысанаға ату, аралас командалық сайыс;

Әсем Орынбай – стенд ату, скит, әйелдер;

Әділбек Мусин –баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзу;

Жанат Набиев, Назарбай Саттархан, Артем Саркисян – семсерлесу, командалық сайыс;

Аян Тұрсын – Ушу-саньда, әйелдер, 52 келі;

Жансель Дениз – таэквондо,әйелдер, +67 келі;

Смайыл Дүйсебай – таэквондо, ерлер, 80 келіден жоғары;

Дмитрий Яковлев, Сергей Богат – жағажай волейболы, ерлер

Нариман Курбанов – спорттық гимнастика, ат үстіндегі жаттығу;

Әділбек Мусин – баттерфляй әдісімен 50 метрге жүзу;

Аян Бейсенбаев – Триатлон, ерлер

Артем Захаров, Рамис Дінмұхаметов – тректегі велоспорт. Ерлер, мэдисон;

Чепкоеч Кипкируи – Жеңіл атлетика, 10000 метрге жүгіру;

Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина – трап бағдарламасы бойынша стендттік ату, Әйелдер, командалық сайыс;

Мария Дмитриенко – трап бағдарламасы бойынша стендтік ату;

Сағындык Тоғамбай – бокс, ерлер, 92 келі;

Су добы – әйелдер құрамасы;

Тимой Емельянов – 1000 метрге каноэ есу, ерлер, жекелей сайыс;

Кирилл Тубаев – 1000 метрге байдарка есу, ерлер, жекелей сайыс;

Виктория Бутолина – Батутқа секіру, әйелдер;

Аделина Земс, Александра Залюбовская, Ефим Тарасов, Дмитрий Коблов – Жеңіл атлетика, 4х100 метрлік аралас эстафета;

Рината Султанова – велоспорт, әйелдер, жекелей сайыс;

Мария Бровкова – 200 метрге каноэ есу, ерлер, жекелей сайыс;

Асланбек Шымбергенов – бокс, ерлер, 71 келі;

Чепкоеч Кипкируи – жеңіл атлетика, 5 000 метрге жүгіру

Надежда Дубовицкая – жеңіл атлетика, ерлер, биіктікке секіру;

Азат Садықов – грек-рим күресі, ерлер, 77 келі;

Наталья Богданова – бокс, әйелдер, 66 келі;

Александр Уваров – ауыр атлетика, ерлер, 81 келі;

Мансур Хабибулла – джиу-джитсу, ерлер 62 келі;

Алдияр Серік – джиу-джитсу, ерлер, 69 келі;

Әлімхан Сыздықов – Грек-рим күресі, ерлер, 130 келі;

Александр Куликов – каноэде ескек есу;

Екатерина Таранцева – байдаркамен ескек есу;

Әсел Ұанай – каратэ, әйелдер, 61 келі;

Мариан Ордабаева – джиу-джитсу, әйелдер, 63 келі;

Ясмин Тұякова, Арина Пушкина – синхрондық жүзу, әйелдер, жұптық бәсеке

Дидар Әмірәлі – каратэ, ерлер, 67 келі;

Бибісара Асаубаева, Диана Сәдуакасова, Жансая Әбдумәлік, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова – шахмат, әйелдер, командалық сайыс;

Су добы – ерлер құрамасы;

Милана Парфилова – көркем гимнастика;

Синхронды жүзу, әйелдер, командалық сайыс.

Жалпы командалық есеп:

1. Қытай – 201-111-71 (383)

2. Жапония – 52-67-69 (188)

3. Оңтүстік Корея – 42-59-89 (190)

4. Үндістан – 28-38-41 (107)

5. Өзбекстан – 22-18-31 (71)

6. Қытайлық Тайпэй – 19-20-28 (67)

7. Иран – 13-21-20 (54)

8. Таиланд – 12-14-32 (58)

9. Бахрейн – 12-3-5 (20)

10. Солтүстік Корея – 11-18-10 (39)

11. Қазақстан – 10-22-48 (80).

12263

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика