Вернуться к списку статей

Қазақстан құрамасы Латвия аруларымен тең түсті

Футбол
1K
Қазақстан және Грузия арасындағы ойын. Мясникова (№15) келесі матчта екі гол соқты. Фото: gff.ge
Грузияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан қыздары тағы бір ұпай еншіледі.

Әйелдер арасындағы 2019 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирі басталып, Қазақстан арулары «А» тобында түскен. Бұл төрттіктің ойындары Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы әуелі Грузия қыздарымен кездесіп, алаң иелерін 1:0 есебімен тізе бүктірген. Бұдан кейін Латвия аруларымен кездесіп, 2:2 есебімен ұпай бөлісті.

Ал Латвия құрамасы бірінші турда Эстония аруларын 4:0 есебімен ойсырата жеңген. Жалпы, эстон қыздары осы топтағы ең осал команда сияқты. Екінші күнгі ойындардың бірінде оларды Грузия да 2:1 есебімен жеңді.

Ендеше, соңғы турда қыздарымыз Эстония құрамасын ірі есеппен жеңулері керек сияқты. Ал Латвия және Грузия арулары арасындағы ойын тартысты өтетін шығар. Яғни бірінші орыннан үміттіміз зор, дәмеміз әжептәуір...

Ал Латвиямен өткен матчта Қазақстан құрамасы басымдық таныттты. Әйтсе де, латыш қыздары біздің қақпаға екі рет тура соққы бағыттып, Фёдорова мен Федотова мергендіктерімен көзге түсті. Алайда Айтпай Жамантаевтың шәкірттері матч соңына дейін екі гол соғып, таразы басын теңестірді. Екеуін де Юлия Мясникова соқты.

Бір көңіл аударарлығы, бұл ойында Қазақстан құрамасының қыздары Латвия қақпасын 27 рет нысанаға алып, 12 тура соққы бағыттады. Өкінішке қарай, тек екі-ақ рет гол соғудың сәті түсті.   

«А» тобы. Ойындар нәтижесі:

6 сәуір:

Латвия – Эстония – 4:0
Қазақстан – Грузия – 1:0

8 сәуір

Грузия – Эстония – 2:1
Қазақстан – Латвия – 2:2

Голдар: Фёдорова, 37 (0:1). Федотова, 64 (0:2). Мясникова, 75 (1:2). Мясникова, 85 (2:2).

Қазақстан: Железняк, Жолшиева (Жаңатаева, 46), Красюкова, Мясникова, Қырғызбаева, Бабшук, Вылданова, Әйтімова, Хайрулина (Кәрібаева, 46), Николаенко, Бортникова.  

Латвия: Ибрагимова, Круминя, Пропошина, Спрунтуле, Гиржда, Рочане, Федотова, Войтане (Вациете, 87), Шевцова, Фёдорова, Миксоне.

11 сәуір

Эстония – Қазақстан
Латвия – Грузия

Екі турдан кейінгі жағдай

1. Латвия – 4 ұпай (доп айырмасы: 6-2)
2. Қазақстан – 4 (3:2)
3. Грузия – 3 (2-2)
4. Эстония – 0 (1-6)

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика