Қазақстан құрамасының сапына шақыртылған қыз-келіншектер 27 наурыздан бері Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Әрі осы жиын барысында мұқият медициналық тексерістен өтеді. Жаттығу жиыны 2 сәуірге дейін созылады. Ал 3 сәуірде бұрымды футболшыларымыз Тбилисиге аттанады.
Жоғарыда жазғанымыздай, 6-12 сәуір аралығында 2019 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің бірінші сатысындағы ойындары өтеді. Қазақстан арулары «А» тобына түскен. Бұл төрттіктің ойындары Грузия астанасында өтеді. Қарсыластары – Эстония, Латвия және Грузия құрамалары.
Ал «А» тобының ойындар күнтізбесі төмендегідей:
6 сәуір:
16:00. Эстония – Латвия
18:00. Қазақстан – Грузия
8 сәуір
16:00. Қазақстан – Латвия
18:00. Грузия – Эстония
11 сәуір
18:00. Эстония – Қазақстан
18:00. Латвия – Грузия
Талғардағы оқу-жаттығу жиынына бапкерлер алқасы төмендегі қыз-келіншектерді шақырыпты:
қақпашылар – Мәдина Шойкина («БИІК-Қазығұрт»), Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Александра Гребенюк («БИІК-Қазығұрт»);
қорғаушылар – Ұлболсын Жолшиева («БИІК-Қазығұрт»), Екатерина Красюкова («БИІК-Қазығұрт»), Юлия Мясникова («БИІК-Қазығұрт»), Мария Демидова («БИІК-Қазығұрт»);
жартылай қорғаушылар – Бегайым Қырғызбаева («БИІК-Қазығұрт»), Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Мәдина Жаңатаева («БИІК-Қазығұрт»), Әйгерім Әйтімова («Астана»), Камила Құлмағамбетова («БИІК-Қазығұрт»), Жәмилә Қайырбекова («Оқжетпес»), Әйгерім Әлімқұлова («Оқжетпес»), Карина Жұмабайқызы («БИІК-Қазығұрт»), Екатерина Бабшук («БИІК-Қазығұрт»), Аида Гайстенова («Астана»), Адиля Вылданова («БИІК-Қазығұрт»), Ксения Хайрулина («БИІК-Қазығұрт»), Юлия Николаенко («БИІК-Қазығұрт»);
шабуылшы – Светлана Бортникова («БИІК-Қазығұрт»).
Жаттықтырушылар:
Айтбай Жамантаев – бас бапкер,
Владимир Ляпкин – аға жаттықтырушы,
Ержан Сунақов – қақпашылардың жаттықтырушысы,
Анна Кадуцкая – дене даярлығы жаттықтырушысы,
Светлана Бейбутова – дәрігер.