Вернуться к списку статей

Бойжеткендеріміз “Кубань көктемінде” күйрей ұтылды

Футбол
1K
Қазақстан-U19 – Словения-U19 – 1:5. Фото: rfs.ru
Сочиде 19 жасқа дейінгі бойжеткендер арасында «Кубань көктемі» халықаралық турнирі басталып, Қазақстан қыздары алғашқы ойынын өткізді.

«Кубань көктемі» халықаралық турнирінде «А» тобына түскен Қазақстан бойжеткендері бүгін бірінші ойындарын өткізіп, Словения сұлуларынан оңбай ұтылып қалды.

Петр Пак жаттықтыратын қыздарымыз бұл ойында 1:5 есебімен есе жіберіп алды. Енді 20 наурыз күні Иран бойжеткендерімен, ал 22 наурызда Краснодар өлкесі аруларымен кездеседі.

«Кубань көктемі» халықаралық турнирі. 1-тур.

«А» тобы:

Иран-U19 – Краснодар өлкесі-U19 – 3:2

Қазақстан-U19 – Словения-U19 – 1:5 (1:4)

Голдар: Плетерски, 10 (0:1). Братуша, 17 (0:2). Колбл, 24 (0:3). Колбл, 39 (0:4). Низамутдинова, 40 (1:4). Колбл, 65 (1:5).

Ескертулер: Кожахмет, 16. Низамутдинова, 71.

Қазақстан-U19: Алмасбай, Қожахмет, Смағұлова, Садықова, Жәутікова, Гисс, Попкова, Әділханова (Вербицкая, 4; Ақшалова, 45), Ақбаева (Арапиденова, 55), Шмидт, Низамутдинова.

Словения-U19: Немет, Бабник, Гадник (Живадинович, 41), Краньц, Година, Плетерски (Франгеж, 64), Врховник (Сеница, 49), Братуша (Кавшек, 69), Розмарич, Турк (Куштрин, 35), Колбл.

Төрешілер: Хафизова, Иглина, Крупская (бәрі де – Ресей).

19 наурыз. Сочи. «Спутник-Спорт» стадионы.

«В» тобы:

Ресей-U19 – Беларусь-U19 – 0:0

Румыния-U19 – Әзірбайжан-U19 – 4:1

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика