Соңғы рет әйелдер арасындағы ФИФА рейтингісі 1 қыркүйекте жаңғыртылған-ды. Онда Қазақстан құрамасы 1355 ұпаймен 66-орынды иеленген болатын. Желтоқсанның ортасында жаңадан түзілген рейтингте футболшы қыздарымыз 1329 ұпаймен 67-орынға сырғыды. Өйткені, қыркүйектен бері төрт ойын өткізіп, төртеуінде де ұтылды.
Атап айтқанда, 2019 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу додасы аясында, 1-топта Уэльс құрамасына үйде де, түзде де 0:1 есебімен есе жіберіп алды. Босния және Герцеговина қыздарынан Астанада 0:2 есебімен ұтылып қалды. Ал Англия аруларынан түзде 0:5 есебімен ойсырай ұтылды. Төрт ойында бірде-бір гол соға алмай, өз қақпаларына тоғыз доп жіберіп алды.
Енді ФИФФ рейтингісіндегі үздік 10 құрама мен 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары қай орындарға орналасқанына көз жүгіртіңіздер:
1 (1). АҚШ – 2114 ұпай,
2 (2). Германия – 2052
3 (3). Англия – 2033
4 (6). Австралия – 2030
5 (5). Канада – 2023
6 (4). Франция – 2019
7 (7). Нидерланды – 1972
8 (9). Бразилия – 1968
9 (8). Жапония – 1967
10 (11). Швеция – 1955...
...25 (25). Ресей – 1730
35(36). Уэльс – 1635
59 (61) Босния және Герцеговина – 1406
67 (66). Қазақстан – 1329