Вернуться к списку статей

Қазығұрттың қыздары – Қазақстан чемпиондары!

Футбол
1K
«БИІК-Қазығұрт» – футболдан әйелдер арасындағы 2017 жылғы Қазақстан чемпионы
«БИІК-Қазығұрт» клубының қыздары футболдан бесінші рет қатарынан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионы атанды.

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. «БИІК-Қазығұрт» клубы Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын 1:0 есебімен ұтып, биыл да теңдессіз шықты. Соңғы ойындағы жалғыз голды Бегайым Қырғызбаева соқты.

2017 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік ойыншылары:

Үздік сұрмерген – Гульнара Габелия («БИІК-Қазығұрт», 19 гол)
Үздік шабуылшы – Вероника Ихезуо («БИІК-Қазығұрт»)
Үздік қорғаушы – Армине Хачатрян («Оқжетпес»)
Үздік қақпашы – Александра  Гребенюк («БИІК-Қазығұрт»)
Үздік ойыншы – Бегайым Қырғызбаева («БИІК-Қазығұрт»)


Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика