Вернуться к списку статей

Бойжеткендеріміз Уэльс қыздарынан да күйрей ұтылды

Футбол
1K
Уэльс-U17 құрамасының қыздары. Фото: faw.cymru
2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан қыздар арасындағы Қазақстан-U17 құрамасы Уэльс бойжеткендерінен 0:8 есебімен оңбай ұтылды.

Данияның Колдинг қаласында өткен 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан қыздары үшінші рет күйрей ұтылды. Бұған дейін Франция-U17 құрамасынан 0:12 есебімен, ал Дания-U17 қыздарынан 0:6 есебімен ойсырай ұтылған болатын.

Неізігі, Уэльс-U17 құрамасымен тайталасар деп ойлап едік. Өйткені бұл елдің қыздары да Дания және Франция бойжеткендерінен ұтылып қалған болатын (0:2 және 0:4 есептерімен). Алайда 17 жасқа дейінгі қыздарымыз үшінші ойында да қайрат көрсете алмады. Әйтеуір қарсыластарының қақпасына екі соққы бағыттапты. Бұған дейінгі екі матчта бірде-бі соққы да бағыттай алмап еді...

Бесінші іріктеу тобындағы соңғы ойында Франция және Дания қыздары 0:0 есебімен тең түсті. Бірақ екі құрама да жеті ұпайдан еншілегенімен, француз бойжеткендерінің доп айырмасы жоғары болып (+16), бірінші орынға ие болды. Уэльс – үшінші орында (3 ұпай), Қазақстан арулары – көш соңында. Доп айырмасы: 0-26!

Қазақстан-U17 – Уэльс-U17 – 0:8 (0:3)

Голдар: Снерле, 20. Роланн, 41; 48; 51; 57. Кристенсен, 62.

Қазақстан-U17: Н.Исмаилова (Оразбекова, 54), Ф.Исмаилова, Аруова (Тәшмет, 68), Бурова, Болатбек, Нарбек, Шалмұханбетова, Садықова, Көпжанова (Құрманғазина, 14), Көбесова, Багулли.

Қосалқы құрам: Шамсудинова, Бекдайырова, Күзтай, Шалмұханбетова, Шолақова, Хамзе.

Ойынның қысқаша статистикасы:

Соққы: 2 – 19
Тура соққы: 1 – 12
Қиыс кеткені: 1 – 6
Тойтарылғаны: 0 – 1
Бұрыштама соққылар: 1 – 7
Офсайдтар: 1 – 6
Ескерту (сары қағаз): 2 – 1
Ереже бұзу: 12 – 9

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика