Вернуться к списку статей

Бойжеткендеріміз Дания қыздарынан ойсырай ұтылды

Футбол
1K
Қыздар арасындағы Қазақстан-U17 құрамасы. Фото: kff.kz
Қыздар арасындағы Қазақстан-U17 құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы екінші ойынын өткізіп, тағы да ірі есеппен ұтылып қалды.

Орынбасар Дәуренбекова жаттықтыратын Қазақстан-U17 құрамасының қыздары бесінші іріктеу тобындағы екінші ойынын алаң иелерімен өткізді. Алаң иелері дейтін себебіміз, бұл топтың ойындары Данияның Колдинг қаласында өтіп жатқанын бұған дейін жазғанбыз.

Өкінішке қарай, бұл матчта да Қазақстан бойжеткендері жеңілістің кермек дәмін татты. Есеп – 0:6. Естеріңізге сала кетейік, 17 жасқа дейінгі қыздарымыз алғашқы ойында Франция бойжеткендерінен 0:12 есебімен ойсырай ұтылып қалған болатын.

Енді Орынбасар Дәуренбекова жаттықтыратын қыздарымыз 30 қыркүйек күні Уэлс-U17 құрамасымен кездеседі. Бұл құрама да екі рет ұтылды. Бірақ Даниядан 0:2, ал Франциядан 0:4 есебімен ұтылған болатын. Яғни өз қақпаларына допты үш есе аз жіберді...

Дания-U17 – Қазақстан-U17  6:0 (1:0)

Голдар: Снерле, 20. Роланн, 41; 48; 51; 57. Кристенсен, 62.

Дания-U17: Нельсен, Йортсе (Хэймосе, 41), Ларсен, Расмуссен, Гредем, Сундаль, Мёллер Холдт, Снерле, Диссинг (Юль, 57), Бредгор (Кристенсен, 41), Роланн.

Қосалқы құрам: Андерсен, Литтау, Хасбо, Саннфельд, Педерсен, Бекстед.

Қазақстан-U17:  Оразбекова, Исмаилова, Аруова (Құрманғазина, 48), Бурова, Болатбек, Нарбек, Шалмұханбетова, Садықова, Көпжанова, Көбесова, Багулли.

Қосалқы құрам: Исмаилова, Шамсудинова, Бекдайырова, Күзтай, Тәшмет, Шолақова, Шалмұханбетова

Ойынның қысқаша статистикасы:

Соққы: 34 – 0
Тура соққы: 17 – 0
Қиыс кеткені: 14 – 0
Тойтарылғаны: 3 – 0
Бұрыштама соққылар: 10 – 0
Офсайдтар: 4 – 1
Ескерту (сары қағаз): 1 – 1
Ереже бұзу: 11 – 5

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика