Қазақстан бойжеткендері 15-17 тамыз аралығында Беларусь астанасы Минскіде өткен УЕФА-ның Даму кубогына қатысып, тәжірибе жинақтады. Бұл турнирге негізі алты елдің қыздары қатысқан болатын. Олар – Қазақстан, Украина, Беларусь, Молдова, Литва және Црна Гора құрамалары.
Қазақстан U-17 құрамасының қыздары Беларусь және Црна Гора аруларымен бір топқа түсті. Даму кубогы додасы бір айналымдық жүйемен өтіп, бұл топта әуелі қарсыластармыз өзара кездесіп, “Қаратау” елінің бойжеткендері 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұдан кейін Қазақстан және Црна Гора арулары додаға түсіп, 0:0 есебімен тең түсті. Турнирдің ережесі бойынша “итжығыс” түскен командалар жеңімпазды атықтау үшін пенальтиге жүгінді. Мұнда біздің қыздарымыздың мерейлері үстем болды. Есеп – 5:3.
Реті келіп тұрғанда айта кетейік, Назерке Шалмұқанбетова, Аида Артықбай, Александра Бурова, Әсел Көбесова, Әсемгүл Аруова сынды аруларымыздың ешқайсысы да 11-метрден мүлт кеткен жоқ. Ал біздің қақпаны Назым Исмаилова қорғады.
Даму кубогының соңғы күні Орынбасар Дәуренбекованың шәкірттері Беларусь бойжеткендерімен кездесті. Бұл ойында алаң иелері басымдық танытты. Олар бірініш таймда, 7-27 минут аралығында үш гол соғып, жеңіске жетті.
Енді Минскідегі халықаралық турнирге қатысқан Қазақстан U-17 құрамасының сапымен таныс болыңыздар:
қақпашылар – Назым Исмаилова, Аружан Оразбекова;
қорғаушылар – Назерке Шалмұқанбетова, Ақниет Бегдайырова, Алина Берікова, Меруерт Болатбек, Файза Исмаилова, Александра Бурова;
жартылай қорғаушылар – Әсемгүл Аруова, Алина Шалмұқанбетова, Аида Артықбай, Ақнұр Құрманғазина, Айя Шолақова, Әсел Көбесова, Сурая Шамсудинова, Анастасия Братченко;
шабуылшылар – Жансұлу Хәмзе, Лейла Садықова, Эльвира Нарбек, Батия Рейзел Багулли.
Жаттықтырушылар құрамы:
Орынбасар Дәуренбекова – аға жаттықтырушы,
Абдуваит Юлдашев – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Рамиль Хамитов – қақпашылардың жаттықтырушысы.