Вернуться к списку статей

Қазақстан қыздары Црна Гора бойжеткендерінен ұтылып қалды

Футбол
1K
Қазақстан-U17 – Црна Гора-U17 – 1:3. Фото: kff.kz
17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы «УЕФА Даму кубогы» турниріндегі алғашқы ойынын өткізді.

Орынбасар Дәуренбекова жаттықтыратын Қазақстан-U17 құрамасының қыздары әуелі алаң иелерімен кездесті. Црна Гора бойжеткендерімен өткен матчта 1:3 есебімен ұтылып қалды.

«УЕФА Даму кубогы» турниріндегі екінші матчта Босния және Герцеговина қыздары Әзірбайжан бойжеткендерінен дәл осындай есеппен басым түсті – 1:3. Естеріңізге сала кетейік, бұл додаға осы төрт құрама ғана қатысып жатыр.

Ертең 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговина бойжеткендерімен кездеседі. Ал Црна Гора арулары Әзірбайжан қыздарының әуселелерін байқап көреді.

Қазақстан-U17 – Црна Гора-U17 – 1:3

Голдар: Михайлова, 7 (1:0). Карличич, 10 (1:1). Джурдевач, 29 (1:2). Кнежевич, 39 (1:3).

Қазақстан-U17: Исмаилова, Болатбек, Бурова (Бекайдарова), Арунова, Көбесова, Михайлова (Шалмұханбетова), Бекдайырова, Құрманғазина, Садықова (Нарбек, Шулакова), Братченко (Скуфьина), Багули.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика